«QazaqGaz Aimaq» АҚ газ шаруашылығынысандарын 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындауға қатысты шаралар кешенін сәтті аяқтады. Жұмыстар толық көлемде және кестеден ерте орындалды. Алдағы қысқа дайындықты«QazaqGaz Aimaq» компаниясының қызметкерлері өткен жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден бастады.
Жаз мезгілі бойы «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «QazaqGazAimaq» АҚ мамандары, «Интергаз Орталық Азия»АҚ тарапымен, коммуналдық қызметтермен және өңірлердің ТКШ басқармаларымен, ірі кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ауқымды жұмыс жүргізді.
Тиісті барлық өңірдегі газбен жабдықтау жүйесін күзгі-қысқы маусымға жұмысқа дайындауға Компанияның жетекші техникалық қызметтері жұмылдырылған. Олар 185 мыңнан астам газ реттеу пункттері мен шкафтарын (ГРП, ГРПШ, ШРП) ағымдағы жөндеуді қоса алғанда, регламенттік жұмыстарды, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, 114 мыңнан астам ажыратқыш құрылғыға қызмет көрсетуді, 1,7 мыңнан астам электрохимиялық қорғау құралын бүтіндеуді, сондай-ақ 1,8 мың шақырымға жуық газ құбырын аспаптық тексеруді орындады. Негізгі дайындық шаралары техникалық жұмыстардың 30-ға жуық түрін қамтиды.
Өндірістік шаралардан басқа, компания мамандары халықпен жұмысты жалғастырып жатыр: тұрғындарға табиғи газды қауіпсіз пайдалану ережесімен үнемді тұтыну қажеттілігі туралы еске салып, үйлерді күнделікті аралайды және жадынама таратады.