Парламент Казахстана принял поправки в закон о банках и банковской деятельности

Өңірлерде көгілдір отынның қолжетімділігі артып келеді

2 hours ago
2 mins read
102
Өңірлерде көгілдір отынның қолжетімділігі артып келеді

2025 жылы «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана меноның агломерациясын газдандыруға ерекше ден қойды. Сонымен қатар, өңірлерді көгілдір отынмен қамту күшейді. Оған дәлел, биыл 95 елдімекенде 350 мың адам газға қол жеткізсе, 2026 жылы тағы 41 елдімекенге газ берілетін болады. Мәселен, егер 2024 жылдың 1 қаңтарында ел тұрғындарының 62%-ы газбен қамтамасыз етілсе, 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 64,2%-ға дейін өсті. Бұл ретте, ішкі нарықта газ тұтыну көлемі үнемі өсіп келеді: жыл қорытындысы бойынша тиісті меже 20,4 млрд м³ құрады. Ірі жобаларды жүзеге асыру және жаңа магистральдық газ құбырларын қосу арқасында жүздеген елді мекенде өмір сүруге қажет қолайлы жағдай жасалып, қарқынды дамуға мүмкіндік туды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша«Сарыарқа» газ құбырының 1-ші кезеңін іске асыру аясында Астананың айналасында орналасқан елді мекендерді газдандыру жұмысы жүргізілуде. «QazaqGaz Aimaq» компаниясы мамандарының белсенді атсалысуымен Нұрлы, Талапкер, Қоянды, Ы.Алтынсарин, Аққайың елді мекендеріндегі 35 мыңадам газ игілігін көре бастады. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан телекөпір барысында Қосшы қаласы газға қосылды. Сөйтіп қаладағы 31 мың тұрғын «көгілдір отынға» қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Цифрландырудағы серпіліс

QazaqGaz күнделікті жұмысында жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізуді берік ұстанып отыр. Компанияның басты тұтынушылық өнімі – QazaqGazAimaq мобильді қосымшасы, абоненттерге есепке алу құралдарының көрсеткіштерін фотосуреттер арқылы беруге мүмкіндік туғызды. Жасанды интеллектке негізделген алгоритмдер есептегіш көрсеткіштерін автоматты түрде таниды және деректерді абоненттің қатысуынсыз өңдейді. Қазірдің өзінде 330 мыңнан астам адам осы сервисті пайдаланса, 2026 жылдың соңына дейін барлық абоненттің кемінде 10%-ын қосымшаға қосу жоспарлануда.

Egov порталында қолданысқа берілген газдандыру жөніндегі ЖИ-кеңесші жылдам әрі тәулік бойы жауап бере отырып, байланыс орталықтарының жұмысын жеңілдетуде. Сондай-ақ, техникалық шарттарды беру процесі толығымен онлайн сипатқа көшті. Қажетті құжаттар дерекқордан автоматты түрде жүктеледі және оларды тіркеу жылдамдығы 12 есеге өсті. 

Қысқасы, игілікті істердің нәтижесі сол, қазақстандықтардың газ игілігіне қол жеткізуі жоғарылап, елдің энергетикалық қауіпсіздігі нығаюда.

 

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today

Last News

Yesterday