«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастырған «МСАК көшбасшысы» байқауы өз мәресіне жетіп, сайыс жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шарада Қор филиалы директоры Бақыт Исмаханбетов байқауда белсенділік танытқандар мен қатысқандарға ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аталған іс-шараның мақсаты медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарды ынталандыру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, МӘМС жүйесіне қатысатын тұрғындардың санын арттыру, арыз-шағымдар санын азайту, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысын жетілдіру, медициналық ұйымдардың беделін арттыру болатын. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.
1 орын иегері – Сайрам аудандық орталық ауруханасы;
2 орын иегері - Түркістан қалалық емханасы;
3 орын иегері – Отырар аудандық орталық ауруханасы.
Мұнан бөлек, «Асықата» аудандық ауруханасы мен «Ақмарал» ауруханасына ынталандыру сыйлығы табысталды. Жалпы, байқау жеңімпаздарына Қор филиалының дипломы және сертификат табысталды.