Правительство РК утвердило перенос выходного дня на День столицы

МӘМС: берешек салдарынан жүйеден шығып қалғандар бар

07 сент. 2023, 07:47
7 мин. чтения
664
МӘМС: берешек  салдарынан  жүйеден  шығып  қалғандар  бар
МӘМС

МӘМС — бұл ерікті медициналық сақтандыру емес, міндетті екенін айта кеткен жөн. Сондықтан «МӘМС туралы» заңның талаптарына сәйкес, барлық азаматтар жүйеге жарналар төлеуге міндетті. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдік санаттары үшін жарналар жүргізеді. Ал, жұмыс беруші, жұмысшы, жеке кәсіпкер, келісімшартпен табыс табатын жеке тұлға, БЖТ, дербес төлеуші заң талаптары бойынша төлемдерді тұрақты төлеуі тиіс. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директорының міндетін уақытша атқарушы Тілектес Бағлан Базарбайұлымен сұхбаттасқан едік.

 

-МӘМС жүйесі бойынша  қандай жағдайда  мәртебе берілмейді және оны қалай алуға болады?

 

-Түсініктірек болу үшін бірер мысал келтірсек.

1-жағдай. Бір азамат 2022 жылдың тамыз айында ресми жұмысқа тұрды делік. Сол кезден бастап қызметкер үшін төлемнің екі түрі түсе бастады:

1) аударымдар – жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді. 2023 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3 пайызын құрайды. Аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 ЕТЖ-ның 3%-нан аспауы керек (3%*10*70000=21000 теңге);

2) жарналар – жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан 2% ұстайды. Бұл ретте аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 ЕТЖ-ның 2%-нан аспауы тиіс (2%*10*70000=14000 теңге).

Мамыр айында осы кісі емханаға дәрігердің қабылдауына барса, мәртебесі сақтандырылмаған екенін біледі. Ол ресми жұмыс істейтінін әрі жұмыс беруші қажет төлемдерді уақтылы аударатынын айтып, себебін сұрайды.

Белгілі болғандай, жұмысқа орналасқанға дейін бұл адам МӘМС жарналары мен аударымдарын мүлдем төлемеген. Ал «МӘМС туралы» заңға сәйкес, азаматтың өткен немесе алдағы 12 айға төлемі болуға тиіс.

2-жағдай. Бір ұйымда екі жыл жұмыс істеген қызметкер жұмыстан шығып қалды делік. Қазір оған невропатолог кеңесі мен УДЗ өту керек. Бірақ ол екі айдан бері басқа жұмысқа тұрмағандықтан әрі МӘМС жарналарын төлемеген.Бұл азаматқа алаңдауға негіз жоқ. Себебі, өткен 12 айға төлемі бар адамның алдағы 3 ай бойы мәртебесі сақтандырылған болады. Ол осы уақыт ішінде жұмысқа тұрып немесе дербес төлеуші ретінде МӘМС үшін төлем жасауын жалғастыра алады. Тек берешек қалыптасқан айларды жабуы керек. Сонымен қатар, ресми жұмысқа тұрғанша дербес төлеуші ретінде МӘМС-ке жарна төлеуді жалғастыруға болады.

3-жағдай.Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер өткен айларға төлем жасай алмайды. Себебі салық кодексінің 774-бабына сәйкес БЖТ төленген кезеңнің соңғы күніне дейін қолданылады. БЖТ төлеушілерге сақтандырылған мәртебесі   3-ші айда беріледі. Мысалы 2023 жылдың мамыр айында төлем жасалса, сақтандырылған мәртебесі шілде айында беріледі. Яғни, мамыр, маусым және шілде айларына БЖТ төлеп шығу керек. Ал тамыз айында төлем жасалмаса, бұл азаматтың мәртебесі - «сақтандырылмаған» болып өзгереді. Сол себепті БЖТ-ны алдын ала төлеп отырған абзал.

4-жағдай. Маусымдық жұмысшылар жылына 6 ай жұмыс істеулері мүмкін. Әрі қарай олар сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін МӘМС жарналарын жеке жеке әр айға дербес төлеуші ретінде төлеп шығуы керек.

Әрбір сақтандырылған адам аударған жарна мөлшеріне қарамастан, медициналық көрсеткіштері болса, барлық көмекті толық көлемде алуға құқылы. МӘМС пакеті пациенттерге қажет негізгі медициналық қызметтерді қамтиды. Атап айтар болсақ, бейінді мамандардың кеңесі, қымбат анализдер, диагностикалық зерттеулер, консультациялар, сонымен қатар жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар және т.б. қызметтер кіреді. Бұндай операциялардың көбі бірнеше миллион теңге тұрады. Ал азаматтар ай сайын кем дегенде 3500 теңге жарна төлеп, осы қызметтерді қосымша қаржы төлемей-ақ ала алады.

 

-Жарнаны қайда және қалай төлеуге болады?

-МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары немесе «Қазпошта» кассалары арқылы төлеуге болады.

 

-МӘМС жүйесі үшін берешек жайлы ақпаратты алуға мүмкіндір бар ма?

- Уақытылы немесе тұрақты төленбеген МӘМС жүйесі үшін аударымдар, жарналар борышкерге көптеген қиындықтар әкелуі мүмкін. Мәселен, әрбір төлемеген күнге өсімпұлдың өсуі, шет елге шығуға шектеу қою, жеке мүлікке тыйым салу, есепшоттарды бұғаттау мәселелері туындайды. Сондықтан жеке тұлғалар мен ұйымдар МӘМС жүйесі үшін аударымдар, жарналардың тұрақты төленгенің үнемі тексеріп отыруы керек. Алдын ала тексерудің бірнеше жолдары бар. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің  www.kgd.gov.kz ресми сайтында басты беттен «Салықтық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер» бөліміне кіріп ЖСН енгізу керек.  Мұнан соң, төлеушінің МӘМС жүйесі және басқа да салықтық төлемдерге қатысты мәліметі беріледі.

Egov.kz. порталындағы басты беттен «Азаматтар үшін бір тізімдегі онлайн қызметтер», «Салық қарызын көру және төлеу» бөлімдеріне кіру керек. Мұнан соң, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, ЖСН енгізген жөн. Қызметті ақысыз 10 минутта алуға болады. Сондай-ақ, анықталған қарызды онлайн төлеуге де мүмкіндік бар. Ескеретін жайт, салықтар бойынша қарызды төлеуші онлайн төлемді жүргізуде өзінің атына тіркелген  картаны қолдануы керек.

Өткен 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені Халық банкінің қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ол үшін Halyk мобильді қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС» бөлімшесінде ЖСН жазу керек. Halyk арқылы медициналық ұйымға тіркелгені туралы ақпарат қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтерге» кіріп, «Анықтамалар» батырмасын басқан кезде тұрғылықты мекенжайы, емхананың атауы, тіркелген күні көрініп тұрады.

Өткен 12 айға жасалған төлемдер мен мәртебені ЦентрКредит Банкінің қосымшасы арқылы да білуге болады. BCC.KZ мобильді қосымшасын орнатқаннан кейін, авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, ізінше «МӘМС туралы ақпарат» бөлімшесінде ЖСН жазу қажет.

Сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасын орнатып, Kaspi Bank қосымшасында сақтандырылған мәртебесін тексеруге болады. Авторизациядан өткеннен кейін «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, ары қарай «МӘМС мәртебесін» таңдау керек.

Сонымен қатар, салық қарыздары бойынша мәліметті білу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

fms.kz ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

• 1414 байланыс орталығы

• Damumed мобильді қосымшасы.

 

-Қате немесе артық төленген аударымдар мен жарналарды қайтару қалай жүзеге асырылады?

-Аударымдардың, жарналардың немесе өсімпұлдың артық (қате) есептелген сомаларын қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-на өтініш беріледі.

Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен күннен бастап бес операциялық күн ішінде аударымдарды және жарналарды және өсімпұлды есепке жатқызу фактісін тексереді, өтініш осы төлем бойынша барлық деректемелерді растауды қоса бере отырып, Қорға жіберіледі.

Аударымдардың, жарналардың және өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару туралы төлеушінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша қор мынадай шешімдер қабылдайды:

аударымдардың және жарналардың және өсімпұлдың артық (қате) есептелген сомаларын төлеушіге қайтару туралы;

аударымдардың және жарналардың және өсімпұлдың сомаларын төлеушіні қайтарудан бас тарту туралы (егер төлемді растайтын құжаттар болмаса, егер ақпараттық жүйелерден растау болмаса, сондай-ақ шетел азаматы қайтаруды ресімдесе, өтініште деректер дұрыс толтырылмаған).

Өтінішті сайт арқылы беруге болады https://eotinish.kz/

 

-Жеке  кәсіпкер  жұмысын  тоқтатып, жалданып  жұмыс жасайтындар  МӘМС жүйесіне жарна төлейді ме?

-Егер кәсіпкер өз қызметін ресми түрде тоқтатқан болса, МӘМС жүйесі үшін тиісті төлемдерді түбегейлі тоқтатады.

ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 16.11.2015 жылғы  №405-V заңының 14-бабы, 4-1-тармағына  сәйкес, жеке практикамен айналысатын адамдардың, дара кәсіпкерлердің, дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.

Төлеушілер аударымдардың және  жарналардың қате төленген сомаларын уақтылы немесе толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтарып алуға, алдыңғы кезең үшін берешегі болмаған кезде аударымдардың және жарналардың артық төленген сомаларын қайтарып алуға, аударым сомалары бойынша ақпаратты қордан тегін алу, қорға төленетін аударымдардың және жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асырады, жұмыс берушілер жұмыскерлерді ұстап қалған және аударылған жарналары туралы хабардар етуге міндетті, ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеп отырады, сонымен қатар, заңға сәйкес, төлем  жүргізілмейтін  қызметкерлердің тізімін қорға береді.

 

-Егер төлемдер тұрақты жасалмағаны үшін жауапкершілік бар ма?

-ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылдың 16 қарашадағы Заңының  31-бабы, 2-тармағына сәйкес,  МӘМС бойынша берешегі бар борышкерлерге берешек сомасын өтеу туралы хабарлама қалыптасады.

          Тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төлемдер және жарналар жасалатын жұмыскерлердің тізімін табыс ету қажет.

          Ал, тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төлемдер және жарналар жасалатын жұмыскерлердің тізімін ұсынады.

          МӘМС бойынша берешек өтелмеген жағдайда кірістер органдары төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс оперцияларын тоқтатады.

          Заңның 28-бабы, 1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі. Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылдың  5 шілдедегі  Кодексінің  92-1-бабына сәйкес,  әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылатыны хабарланады.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

14 июня
13 июня
12 июня