Банки и фининституты не заинтересованы в страховании имущества граждан - МЧС

МӘМС есебінен есту қабілеті қалпына келді

12 окт. 2023, 12:44
2 мин. чтения
1273
МӘМС есебінен есту қабілеті қалпына келді
МӘМС

Түркістан  қалалық  орталық  ауруханасында кохлеарлық имплантация бойынша жоғары технологиялық ота жасалды. Мұндай хирургиялық араласулар екі жақты саңырау немесе IV дәрежелі есту қабілеті жоғалған адамдарға жасалады. "Кохлеарлық имплантация" термині есту нервінің талшықтарын тікелей электрлік ынталандыру арқылы есту сезімін қалпына келтіру мақсатында ішкі құлаққа электродтық жүйелерді енгізуді білдіреді. Кохлеарлы имплант дыбысты қабылдап миға сигнал беру арқылы сыртқы шу жағдайында да оңтайлы дыбыстық жайлылық пен айқын естуді қамтамасыз етеді.

23.07 - 24.07.2023 жыл аралығында өткен «Шеберлік – класс» аясында Түркістан  қалалық  орталық  ауруханасының дәрігерлері Түркия мемлекетінен келген маман, профессор Aйше Пелин Игидердің (Ayşe Pelin Yiğider)  ең озық әдістемелері мен бай тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік алды.

Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының тұрғындарына жасалған 3 кохлеарлы имплантация отасына  АҚШ – та өндірілген Advanced Bionics компаниясының имплантын аталған компанияның ТМД  және Шығыс Еуропа елдері бойынша бас клиникалық маманы Кертиев Руслан Хабилович іске қосты.

Бұл ота жүргізілмес бұрын алдымен кохлеарлы имплантация жүйесін орнату бойынша құрамында Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы мен тұрақты жұмыс жасайтын 10 дәрігерден тұратын бірлескен комиссия шешімімен диагноз толықтай нақтыланып, пациенттерге жоспарлы түрде операция жасалынды. Кохлеарлы имплантация пациенттің есту қабілетін едәуір қалпына келтіруге көмектеседі, бұл пациенттерді «дыбыстар әлеміне» қайтарудың алғашқы қадамы, одан әрі тыңғылықты есту қабілетін қалпына келтіру шаралары орташа 1 – 1,5 жыл аралығында толық жүзеге асырылады.

Түркістан облысы бойынша құлақ аурулары бойынша диспансерлік есепте тұратын науқастардың 2345 - і  нейросенсорлы есту төмендігімен зардап шегеді, оның ішінде балалар – 641. Оториноларингологиялық көмек көрсетудің сапасы мен деңгейін арттыру қажеттілігін ескере отырып, аурухана басшылығының бастамасымен және денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен осы күрделі ота түрі тәжірибеге енгізілді. Бұрын бұл санаттағы оталар тек Астана және Алматы қалаларының озық клиникаларында ғана жасалынатын, енді мұндай мүмкіндікке Түркістан қалық орталық ауруханасы да қол жеткізді. Алдағы уақыттағы аурухана әкімшілігінің мақсаты – облыс және көршілес өңір тұрғындарын қамтып, Түркістан қалалық орталық ауруханасы базасында есту қабілетін қалпына келтіруге толықтай мүмкіндіктер беру.

Құны 7,7 млн теңге болатын бұл ота жоғары технологиялық медициналық қызметтерге (ЖТМҚ) жатады және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде жүргізіледі.

Қазіргі таңда МӘМС аясында тегін ота жасалған науқастар өздерін  жақсы сезініп, қоғамның белсенді азаматтары ретінде өмір салтын ұстануға бейімделуде.

Түркістан қаласында ағымдағы жылдың қазан айында шетелдік, әлемге танымал мамандардың қатысуымен өтетін ҚР оториноларингологтарының III съезі аясында аталған ота бойынша шеберлік кластар жалғасын табады.

 

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

Вчера
12 июня