Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс жасайтын мекемелердің бірі – Түркістан облыстық балалар ауруханасы. Жалпы, жүйе енгізілгеннен соң, науқастарға көрсетілетін қызмет сапасының артуы, құрал-жабдықпен қамтылуына байланысты аурухананың бас дәрігері Досанова Алтын Мейрамбайқызымен сұхбаттасқан болатынбыз.
-Алтын Мейрамбайқызы, ең алдымен аурухананың қазіргі жағдайы жөнінде әңгімелеп берсеңіз...
-Түркістан облыстық балалар ауруханасы көпбейінді ірі ауруханалардың бірі. Педиатрия және балалар хирургиясы бойынша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетеді.Аурухана төсек қоры 422 төсек орынды құрайды. Оның ішінде, 224 хирургиялық,162 педиатриялық және 36 медициналық реабилитация мен қалпына келтіру төсек орындары бар. Сонымен қатар, 31 педиатриялық бейінді төсектері және жалпы 33 төсек орынға арналған 3 жансақтау бөлімшесі болса, оның 9 кардиореанимациялық және 6 неоанатальды жансақтау бөлімдеріне бейімделген. Аурухана басымдықты кардиохирургия, неонатальды хирургия, нейрохирургия, жарақат және ортопедия, офтальмология береді. Балалар хирургиясында - торокальды хирургия, урология, оториноларингология, бет-жақ хирургиясы, кардиология, ревматология, энокринология, аллергология және тағыда басқа қызмет түрлері дамып келеді.
Мұнан бөлек, стационар алмастырушы 50 төсек-орын және консультативтік-диагностикалық емханада күнделікті келетін науқасқа арналған 240 төсек-орын бар. Жыл сайын ауруханада 18 мыңнан астам пациент емделеді. Яғни, мамандандырылған стационарлық, жоғары мамандандырылған және стационарды алмастыратын көмектер көрсетіледі.Емхана құрамында барлық бейіндер бойынша мамандардың консультациясын алуға болады және сурдологиялық орталығында балаларға аудиограмма арқылы есту қабылетін анықтауға болады. Емханаға қабылдауға өткен жылы 87 829 пациент келген болса, оның басым бөлігі ауылдан келген тұрғындар.
Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек (консультация және диагностикалық тексеру) 25 бейін бойынша көрсетіледі: онкогематология, лор, уролог, эндокринолог, хирург, травматолог, педиатр, аллерголог, ДСТ, кардиолог, ангиохирург, кардиохирург, нейрохирург, пульмонолог, инфекционист, невролог, ревматолог және т.б.
Диагностикалық бөлімшелер жұмыс істейді: сәулелік диагностика бөлімшесі, клиникалық-диагностикалық зертхана, онда диагностикалық қызметтердің барлық түрлері қолданылады: эндоскопия, функционалдық диагностика және ДСБ зерттеу, ЭКГ, МРТ бар сәулелік диагностика, КТ, ангиография. 2023 жылы МРТ-ға 1336 және КТ-ға 2002 зерттеулер орындалды.
2020 жылдан бері «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ерте жастағы балаларға қажетті қызметтерді көрсетеді. Ауруханада дәрігерлер - 162, медбикелер - 411, кіші медициналық персонал - 204.
-МӘМС жүйесі енгізілгеннен кейін аурухана көрсететін қызметті қаржыландыру артты ма?
-МӘМС жүйесі есебінен қаржыландыру көлемі жылдан жылға ұлғайып, коммуналдық тарифтерде өсті. Нәтижесінде, медициналық көмек көлеміде артып отыр. Бұлда болса, аурухананың дамуына серпін береді.
Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен тегін медициналық көмектен басқа барлық пациенттер неғұрлым қымбат қызметтерге де ақысыз қол жеткізеді. Сақтандыру пакетіне операциялар мен медициналық қызметтер, тар бейінді мамандардың қабылдауы, сондай-ақ өмір сүру сапасын арттыруға арналған қызметтер кіреді. Мәселен, МРТ, компьютерлік томография, ангиографиялық қызметтерде мәрбетесі бар науқасқа кез-келген уақытта алуына тиімді болды.
-Жалпы, ауруды алдын алуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға байланысты қандай жұмыстар жасалып жатыр?
-Ең бастысы-кадр ресурсын нығайту, ол үшін үздіксіз оқыту, кадрлық әлеуеттің кәсіби деңгейін басым тәртіппен дамыту, тәлімгерлік жолымен жас мамандарды жедел техникаға оқыту қамтамасыз ету қажет, сонымен қатар негізгі назар медициналық персоналдың шұғыл жағдайлар бойынша практикалық дағдыларды меңгеруіне бағытталуы тиіс деп санаймыз.
Дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне арналған әрбір медициналық ұйымда диагностика және емдеу хаттамалары және шұғыл жағдайларда медициналық көмек алгоритмдері бойынша практикалық дағдыларды тестілеумен семинарлар өткізіледі. Әрине медициналық қызметтің сапасына аурухананың медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы да әсер етеді.Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында жасалынған келісімшартқа сәйкес, Түркияның Стамбул қаласында «Туа біткен жүрек ақауларының Түркия елінде диагностикасымен емдеудін заманауи әдістері және Түркия елінің балалардағы қосарланған жарақаттардың шұғыл емдеу жолдары» тақырыбында өтетін біліктілік арттыру курсына аурухананың кардиохирургиялық бригадасы (балалар кардиохирургі, балалар кардиологы, балалар реаниматологы-перфузиологы) және балалар хирургі, балалар нейрохирургі, балалар травматологы, балалар анестезиологы қатысты. Мұнан бөлек, балалар хирургтары, оториноларинголог, уролог барып тәжирибе жинақтап келді. Неонатальды жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі Стамбул және Москва қалаларының ғылыми орталықтарында білімін жоғарлатты.
Ауруханада кардиохирургия саласы бойынша - Белоруссия елінен мамандарымен, урология бойынша –Түркі елінен келген мамандармен, неврология бойынша –ҚР ДСМ-нің бас балалар неврологы қатысуымен, реабилитация бойынша - ҚР ДСМ-нің бас балалар реабилитологы қатысуымен, хирургиялық оталардан кейін күтім бойынша, жұқпалы аурулар бойынша – Астана медициналық университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісінің қатысуымен, дәрігер- реаниматолгтарға ҚР ДСМ-нің бас балалар реаниматологы қатысуымен, неонатальды жансақтау бөлімшесіне ҚР ДСМ-нің бас неонатологы қатысуымен мастер-класстар ұйымдастырылды.
-КДК қызметін қалай алуға болады және қызметті көрсетуден бас тартқан жағдайда не істеуге болады?
-Консультатвитік диагностикалық емханада міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Біздің емханада диагноз қою, емдеу тактикасын анықтау және емдеуге жатқызу, инвазиялық емес емдеу әдістері мен операция жасау туралы мәселені шешуге көмек көрсету арқылы 31 мамандық бойынша балаларға консультациялық көмек көрсетіледі, сондай-ақ, зертханалық, сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және диагностиканың басқа да түрлері жүргізіледі. КДЕ –ға жергілікті емханаларыңыздан (АПП) портал арқылы жолдама алу керек, сол кезде «Дамумед» КМИС- медициналық ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
-Аурухананы құрал-жабдықпен қамту мәселесіне көңіл бөлінді ма?
-Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы облыстық көпсалалы балалар ауруханасын жаңа құралдармен толықтырды. Hitachi Supria (Жапония) аппаратының компьютерлік томографы (КТ), интервенциялық ангиографиялық жүйесі және МРТ аппараты. Әрине, жаңа жоғары технологиялық аппараттар пациенттерге сапалы көмек көрсетуге және ерте диагностиканың сапасын жақсартуға көмектеседі.
-Ауруханада қажетті медициналық қызмет болмаса пациент не істеуі керек?
-Мамандандырылған медициналық көмек медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлерінде амбулаториялық жағдайлардағы консультативтік-диагностикалық көмек, стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түрінде көрсетіледі. Диагнозды сәйкестендіру қиын болған кезде мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің кез келген деңгейінде, оның ішінде науқастың тасымалдауға жарамсыздығы кезінде қажет болған жағдайда өзге де медицина ұйымдарынан мамандарды тарта отырып, қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, пациенттің бекітілген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымы ол жүгінген кезде бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық көмек жөніндегі комиссияға жібереді. Пациенттің бекітілген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымы пациенттің құжаттар пакетін қағаз немесе электрондық түрде ЖТМК комиссиясының қарауына жібереді.
Облыстық балалар ауруханасында телемедицина орталығы Ұлттық Ғылыми орталықтарымен телемедициналық кеңес пен бейнеконференциялық байланыс жүргізуде.2023 жылы аудандық ауруханалармен 1237 телеконсилиум ұйымдастырылған, 263–республикалық және Ұлттық орталықтармен.
Облыстық балалар ауруханасының санитарлық желісімен атқарылған қызметі: 953 рет аудандық ауруханаларға шыққан, 1270 маман қатсықан, 512 пациентке кенес беріліп, 109 пациентке сол жерде ота жасалынды, 402 пациент облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.
-Шалғай ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамту мәселесі қалай шешіліп жатыр?
-Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы III деңгейдегі аурухана ретінде аудандардан жіберілген пациенттерге шұғыл және жоспарлы түрде медициналық қызметтерін ұсынады.
Сонымен қатар, аудандық ауруханаларға шығып, бекітілген кестеге сәйкес практикалық көмек көрсетеді, күрделі диагноздарымен пациеннтерге кенес беріп, көрсеткіштері болса оталар жасалады. Жылдың басынан бері Ордабасы, Арыс аудандарға барып қайтты, енді Бәйдібек ауданына шығады. Бригада құрамында балалар кардиологы, неврологы, пульмонолог, эндокринолог, балалар хирургы бар.
- Пациентті қолдау қызметі қандай жұмыс атқарады?
-Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын басқару, медициналық ұйымда ішкі сараптаманы, сонымен қатар клиникалық аудитті ұйымдастыру және жүргізу үшін пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі құрылды. Пациенттерді қолдау қызметінің және ішкі сараптама қызметінің құрамына 4 дәрігер-сарапшылар кіреді және қызметты басшы орынбасары басқарады.
Қажет болған жағдайда психолог және заңгер, комплаенс офицеры тартылады. Медицина көмектің тұтынышылары және ұйымның медицина қызметкерлері арасында жүйелі түрде сауалнама жүргізіліп, талдау нәтижелері апта сайын өткізілетін аурухананың жиындарында дәрігер –сарапшылар баяндайды.
Ауруханада емделіп жатқан пациенттерге күтім жасайтын тұлғалармен тығыз және кері байланыс болу мақсатымен арнайы QR арқылы «Науқастарды қолдау қызметі» чаты ашылған, чатта басшының орынбасарлары бар, кез келген уақытта ата-анасы жазса, міндетті түрде жауап беріліп, қаралады.