Репатрационный рейс из Израиля вечером прибудет в Казахстан

Түркістандық дәрігерлер 9 жастағы балаға күрделі ота жасады

18 сент. 2024, 07:17
1 мин. чтения
500
Түркістандық дәрігерлер 9 жастағы балаға күрделі ота жасады
МӘМС

Облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургтары "Бас миының эхинококкозы. Көп камералы эхинококк кисталар" диагнозымен 9 жастағы пациентке ота жасады. Ота МӘМС жүйесі арқылы жасалды.

Жасөспірімнің ауырғанына шамамен 3 ай болған, бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің нашарлауы байқалған. Мидың МРТ сканерлеуінен де мидың көлемді көп камералы цистикалық түзілуі анықталды.

Науқас ОБА-ның нейрохирургіне жүгініп, балалар нейрохирургиялық бөлімшесіне жедел жатқызылды. Бас миының эхинококкозына шалдыққан науқасқа 3 қыркүйекте ота жасалып, көп камералы эхинококк кистасы алынып тасталды. Оң жақтағы төбе мен шүйдесіне сүйек-пластикалық трепанациясы жасалды. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

22 августа