МӘМС жүйесі Мемлекеттің, медициналық ұйымның және адамның денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырды. Яғни, жұмыс берушінің жұмысшыға, медициналық ұйымның қызмет сапасын жақсартуға, адамның өз денсаулығына көңіл бөлуді мақсат етті.
Осы ретте, Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалдының 2023 жылғы 22 қарашадағы өкімімен өңірлік штаб құрылды.Штаб құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы, әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы, адами әлеуетті дамыту басқармасы, полиция департаменті, аудан, қала әкімінің орынбасары бар. Әр ай сайын өтетін штабта тұрығндарды МӘМС жүйесіне қамту шараларын ұйымдастыру мәселесі пысықталып, жүзеге асырылады.
Түркістан облысындағы БМСК емханаларына тіркелген саны 2 062 331 адам. Ал, МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны – 1 699 481 (82,4%) адамға жетті.Ағымдағы жылдың басында МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны – 435 291. Ал, қазан айында жүйеде сақтандырылмағандар саны 362 850 адам,яғни 17,6 % құрады. Жыл басымен салыстырғанда сақтандырылмағандар саны – 72 441 адамға төмендеген.
Штабта берілген хаттамалық тапсырмасы бойынша аудан, қаладағы жұмысшы топ МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандардың апта сайын 3 пайызын өзектендіру іс-шараларын тұрақты ұйымдастырылып жатыр. Сауран, Қазығұрт, Арыс, Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал, Жетісай, Кентау,Түркістан аудан, қалаларындағы жұмысшы топ сақтандырылғандар саны - 5253 адамның (1,4пайыз). Жалпы, облыста жұмысқа орналасып, жүйеде сақтандырылғандар саны – 12 764 адам.
Сонымен қатар, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті МӘМС жүйесі үшін 2022-2023 жылдарға төлемдерді жасамаған 43 133 адамға хабарлама жолдағандар. Жалпы қарыз сомасы – 2 173 853 мың теңге. Бүгінде борышкерлердің есеп шоттары бұғатталған. Нәтижесінде, 8 725 жеке кәспкер және шаруа қожалықтан қарыз өндірілген. Оның ішінде, 5 108 шаруа қожалықтан 149 179 мың теңге қарыз қайтарылған. Бүгінде борышкерлерден қарызды өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Медициналық сақтандыру қорының филиалы тарапынан ұйымдастырылған зум жиналысқа 180 медициналық ұйымнан 291 қызметкер қатысты. МӘМС жүйесі үшін төлемдерін тұрақты төлемеген жұмыс берушілерге тұрақты төлем жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Қор филиалы облыстық денсаулық сақтау басқармасына, облыстық білім басқармасына, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, аудан, қала әкімдіктеріне МӘМС жүйесі үшін төлем түспеген медициналық ұйымдардың, жүйе құраушы және білім беру мекемелерінің қызметкерлер тізімін жұмысты жүргізуге байланысты жолдаған. Нәтижесінде, жұмыстан шыққан, мекемеде жұмыс жасамайтындар, қайтыс болған, ұзақ мерзімге демалысқа шыққандар, жұмысқа орналасқанына 1 жыл толмағандар, ақысыз демалысқа шыққандар, мекемеде қаржының болмауына байланысты төлем жасалмағандар, маусымдық қызметкерлер, жеңілдік санаттардың бары анықталды.
Қор филиалы медициналық ұйымдармен бірлесіп, жүйе құраушы ұйым және білім беру мекмелері басшыларымен кездесіп, жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлерге МӘМС жүйесі үшін төлемдерін тұрақты, әрі толық төлеу шаралары бойынша кеңінен түсіндірді.
МӘМС үшін жұмыс берушінің қызметкеріне ай сайынғы төлем мөлшері
жалақы деңгейінің 3%-ы мөлшерінде өз қаражатынан аударымдар жасайды. Ай сайынғы төлем ең жоғары 10 еселенген ЕТЖ-нің 3% - 25500 теңгеден аспауы тиіс.
Ескеретін жайт, жалдамалы қызметкер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалар (ақылы жұмыс немесе қызмет көрсету) және жеке көмекшілер – табыстың 2%, бұл ретте 2024 жылға ең жоғары төлем - 17000 теңге. Егер адам бірнеше жерде жұмыс жасаса, барлық жұмыс орындарынан МӘМС-ке жиынтық төлем 10 еселенген ЕТЖ-ның 2%-дан аспауы керек (10*85000*2%) немесе 17000 теңге. Жеке кәсіпкерлер (ЖК), шаруа қожалықтарының (ШҚ) иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар - 1,4 ЕТЖ - дан 5%, ай сайынғы төлем 2024 жылы 5950 теңге. Дербес төлеуші - 1 ЕТЖ - дан 5%, ай сайынғы төлем 2024 жылы 4250 теңге.
Б.Исмаханбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры.