Осадки ожидаются на большей части Казахстана

Талдықорғанда бір топ пәтер алаяқтары анықталып, сотталды

11 авг. 2023, 06:53
1 mins read
866
Талдықорғанда бір топ пәтер алаяқтары анықталып, сотталды
m.kn.kz

Жетісу полицейлері Талдықорғанда 11 қылмысқа қатыстылығы дәлелденген алаяқтар тобына байланысты тергеуді аяқтады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 53 млн. теңгеден астам.

 

Топтың құрамына соңғы бірнеше жыл бірлесіп алаяқтықпен айналысқан  1974-1989 жылы туған төрт әйел кірген. Айыптау қорытындысына сәйкес қылмыстық топтың іс-әрекеті жақсы ұйымдастырылған, олар негізінен қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге жәрдемдесуге уәде берген. Атқарылған жұмыс үшін алаяқтар шетелдік және ұлттық валютамен, аударым арқылы және «қолма-қол ақшамен» сыйақы алған. Бір жағдайда олар тіпті тірі мал алуға келіскен. Тергеу амалдары бірнеше айға созылып, нәтижесінде 4 күдікті де сотталушылар орындығына отырды.

 

Сот айыпталушылардың әрқайсысында жас балалардың болуын және жасаған қылмыстарын мойындап, өкінетіндігін, сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық қалпына келтіргендігін ескерді. Сот үкімімен сотталушылардың біреуіне шартты түрде 4 жыл бас бостандығынан айыру, ал қалған үшеуіне 3,5 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін