

Ордабасы ауданында тұрғындарға медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақындату мақсатында жаңа физиотерапия кабинеттері жұмысын бастады.
Физиотерапия кабинеттері Ордабасы аудандық көпбейінді орталық ауруханаға қарасты Төрткүл бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығы мен Қайнар дәрігерлік амбулаториясында ашылды. Енді тұрғындар қажетті физиотерапиялық ем-шараларды аудан орталығына бармай-ақ, өз елді мекеніндегі медициналық ұйымнан ала алады.
Төрткүл БМСК орталығы 11 878 тұрғынға, ал Қайнар дәрігерлік амбулаториясы 3 627 тұрғынға қызмет көрсетеді. Осылайша, жаңа кабинеттердің ашылуы жалпы 15 505 адамның медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Физиотерапиялық қызметтердің жергілікті медициналық ұйымдарда көрсетілуі тұрғындардың жолға кететін уақыты мен шығынын азайтып, қажетті емді уақтылы алуына жағдай жасайды.
Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда физиотерапиялық ем-шаралар МӘМС жүйесі аясында көрсетіледі.
МӘМС жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – азаматтарды сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Жаңа кабинеттердің ашылуы медициналық қызметтерді халыққа жақындатуға бағытталған маңызды қадам болды.
Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.