

Алматы-Өскемен тас жолының 317 шақырымында «Тойота Қамри» автокөлігінің қатысуымен жол апаты орын алды. Болжам бойынша, жапондық шетелдік көліктің 20 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген.Зардап шеккен жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнынан қалалық ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындай отырып, қылмыстық іс қозғалды.Облыс полицейлері көлік жүргізушілерінен Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды, ең алдымен рұқсат етілген жылдамдықты сақтауды талап етуде.