

Талдықорғанда қабір қоршауларын ұрлады деген күдікті адам жауапқа тартылуда. Ұрыны ұстауға жергілікті тұрғындар көмектесті. Олар қалалық полиция қызметкерлеріне күдіктінің және оның көлігінің белгілерін хабарлаған.
«25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам шойын қоршауларды кесіп, көлігімен алып шыққан. Ұрланған қоршауларды болашақта металл қабылдау пункттері арқылы сатуды көздеген. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, келтірілген шығын есептелді», – деді Талдықорған қаласының полициясы.
Талдықорған полицейлері ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда.