Покушение совершено на казахстанского активиста в Киеве

Шетелдік азаматтың баласына МӘМС мәртебесі қалай беріледі?

23 қыр, 10:43
2 mins read
176
Шетелдік азаматтың баласына МӘМС мәртебесі қалай беріледі?
МӘМС

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың балалары МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей медициналық көмек алуға құқылы. Алайда ол үшін баланың Қазақстанда тұрақты тұру мәртебесі рәсімделуі қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы шетелдік азаматтардың балаларына сақтандырылған мәртебесін беру тәртібін түсіндіреді.

Алдымен не істеу керек?

Егер кәмелетке толмаған баланың МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі болмаса, ата-анасы оның Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат рәсімдеуі керек.

Құжаттарды:

  • ата-анасының бірі;

  • қорғаншысы;

  • қамқоршысы тапсыра алады.

Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, баланың тұрақты тұруына рұқсат алу бойынша белгіленген рәсімнен өту қажет.

МӘМС мәртебесі қалай беріледі?

Баланың Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат беру туралы оң шешім қабылданғаннан кейін оның мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жаңартылады.

Одан кейін:

  1. Балаға «балалар» жеңілдік санаты беріледі.

  2. Мәліметтер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жіберіледі.

  3. МӘМС жүйесіндегі «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде тағайындалады.

Мәртебені рәсімдеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Ең бастысы – бала туралы мәліметтердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерге дұрыс енгізілуі және уақтылы жаңартылуы.

Мәртебе шықпаса не істеу керек?

Егер баланың тұрақты тұруына рұқсаты рәсімделгенімен, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі әлі көрсетілмесе, ата-анасы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің өзектілігін тексеруі қажет.

Мәселені нақтылау үшін:

  • Халыққа қызмет көрсету орталығына;

  • тіркелген емханаға;

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен олардың балалары МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарға ие және бірдей міндеттер атқарады.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
23 қыркүйек