Новости

ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

22 қар, 05:27
1 mins read
841
ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
МӘМС

2024 жылы Қор медициналық ұйымдарға шамамен 2,1 трлн теңге төледі. Бұл биылғы медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы көлемінің 79%-ын құрайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарды қаржыландырудың барысы туралы есеп берді. Бүгінде ел бойынша амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда шамамен 2 трлн 122 млрд теңге төленді.

«20 қарашадағы жағдай бойынша қаңтардан қазан айына дейін көрсетілген қызметтер үшін 1959 медициналық ұйымға төлем жасалды. Бұл ретте, 1-тоқсандағы медициналық қызметтерге төлем 100% құраса, сәуірден қыркүйекке дейінгі кезең бойынша 95% төленді. Қазір қазан айына төлем жасау жұмыстары жүргізілуде, ал желтоқсан айының басында қараша айын жабу бойынша жұмыс басталады. Яғни қаржыландыру кезеңдері қалпына келтірілді және ай сайынғы негізде жалғасады», - деп мәлімдеді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Алдында хабарланғандай, 2024 жылдың басынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері жетілдірілу үстінде. Осыған байланысты медициналық қызметтерге ақы төлеу кешірек басталды. Қор өз тарапынан медициналық көмекті үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday