Потратить пенсионные накопления на пластические операции не получится

Ауданда жедел ішек өтімсіздігіне ота жасалды

06 там, 11:13
2 mins read
512
Ауданда жедел ішек өтімсіздігіне ота жасалды
МӘМС

Созақ аудандық орталық ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жедел ішек өтімсіздігі диагнозымен түскен науқасқа күрделі хирургиялық операция сәтті жасалды.

43 жастағы Бәйдібек ауданының тұрғыны Созақ ауданына қыдырып келген кезінде іші қатты түйіліп, құсу, іштің кебуі сияқты шағымдармен жедел жәрдем арқылы аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер жүргізген тексеру нәтижесінде оған жедел ішек өтімсіздігі диагнозы қойылып, шұғыл түрде операция жасау туралы шешім қабылданды.

Операцияны хирургия бөлімінің меңгерушісі Бижігіт Қасымқұловтың жетекшілігімен хирург Мұрат Бектаев және анестезиолог-реаниматолог Сәбит Бұзау жүргізді.

Ота барысында дәрігерлер науқастың тоқ ішегінің бауыр асты бұрышында орналасқан көлемді ісікті анықтады. Ісік ішектің өтімсіздігіне себеп болғандықтан, мамандар оң жақтық гемиколэктомия жасап, тоқ ішектің зақымданған бөлігін ісікпен бірге толық алып тастады.

Хирург Бижігіт Қасымқұловтың айтуынша, операциядан кейін науқас бір тәулік жансақтау бөлімінде бақылауда болып, кейін жағдайы тұрақтанған соң хирургия бөліміне ауыстырылған. Толық ем қабылдағаннан кейін науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылып, әрі қарайғы емін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық деңгейде жалғастыратын болады.

Дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында науқастың өміріне төнген қауіптің алдын алу мүмкін болды.

Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері Созақ аудандық орталық ауруханасында МӘМС аясында 112 операция жасалған. Бұл көрсеткіш ауыл тұрғындарының жоғары технологиялық және сапалы медициналық көмекті өз ауданында уақытылы алуына мүмкіндік беріп отырғанын көрсетеді.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
14 тамыз
13 тамыз
12 тамыз