Отчим насиловал девушку с восьми лет: возобновлено дело о насилии над несовершеннолетней

Ауруханада жаңа деңгейде ота сәтті өтті

5 сағат бұрын
1 mins read
90
Ауруханада жаңа деңгейде ота сәтті өтті
МӘМС

Аурухана заманауи Видеоэндоскопиялық VISERA ELITE 3 (Жапония) медициналық жүйесімен толықты. Жоғары дәлдіктегі бұл эндоскопиялық құрылғы күрделі операцияларды тиімді, қауіпсіз және минималды инвазиялық тәсілмен орындауға мүмкіндік береді.

Жаңа аппараттың көмегімен МӘМС шеңберінде алғашқы операция облыстық мамандардың қатысуымен сәтті өтті.

Пациенттің диагнозы:

·         Жедел гангренозды калькулезді холецистит (ЖКБ)

·         Қосымша: кіндік жарығы

Жасалған операциялар:

·         Лапароскопиялық холецистэктомия

·         жарыққа ота жасау

·         Іш қуысына дренаж қою

Бұл жаңалық — аудандық медицина саласының дамуындағы маңызды қадам. Заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз ету тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырып, қызметтің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін