Парламент одобрил закон «О профессиональных квалификациях»

Болашақ аналар тереңдетілген перинаталдық скринингтен өтеді

05 мам, 13:01
1 mins read
448
Болашақ аналар тереңдетілген перинаталдық скринингтен өтеді
МӘМС

№2 облыстық перинаталдық орталығында МӘМС есебінен бір күнде барлық тереңдетілген биохимиялық талдаулар мен сараптамалық УДЗ алуға жағдай қарастырылды.

Almaty Marathon ұйымдастырушысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры «AYALA» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа мамандандырылған диагностикалық жабдықтар табыстады.

Зертханалық микроскоп жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомдық аномалияларын және Даун, Патау, Эдвардс, Шерешевский-Тернер және Клайнфельтер синдромы сияқты туа біткен патологияларды анықтайды.

9ed803b4-712b-4d79-94cf-1235ebf545cc.webp

«Мыңдаған жүкті әйелдерге МӘМС есебінен біздің орталықта қажетті тексеруден уақытылы өтіп, балаларының салауатты болашағына үміт артуға мүмкіндік береді. Ағымдағы  жылдың соңына дейін 500-ден астам болашақ ана тереңдетілген перинаталды скринингтен өтеді», — дейді, № 2 облыстық перинаталдық орталығының басшысы Эльмира Қожахметова.

9ed8037b-4794-43ac-91bb-b39d915076ea.webp

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
10 мамыр
09 мамыр
08 мамыр
07 мамыр