Требуется директор филиала палаты предпринимателей Кербулакского района

Болашаққа қадам

19 нау, 10:14
1 mins read
1408
Болашаққа қадам
РПП области Жетісу

Бүгін, 19 наурыз күні, Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының ұйымдастыруымен "Марозов" атындағы №51 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушылары үшін "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті.

"ЛАД" жеке кәсіпкерлігіне ұйымдастырылған «Болашаққа қадам» атты шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, олардың кәсіпке деген қызығушылықтарын арттырып, қабілеттерін анықтау болды.

Экскурсия барысында оқушылар кәсіпорынның жұмыс барысымен танысып, өндіріс орындарын аралады. Оларға түрлі жұмысшы мамандықтарының қыр-сыры түсіндіріліп, кәсіби дағдыларды меңгеру жолдары жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар, кәсіпорында еңбек етіп жүрген мамандар оқушылармен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

9e77ed8c-6378-42ba-ba9d-b4ddb89689a3.webp

Шараға қатысқан оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, түрлі мамандықтар туралы жан-жақты мағлұмат алды. Олар өндіріс саласында жұмыс істеудің маңыздылығы мен артықшылықтарын түсініп, болашақ мамандық таңдауда жаңа ой түйді.

Осындай кәсіби бағдар беру шаралары жасөспірімдердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етіп, олардың еңбек нарығында өз орнын табуына үлкен көмек болары сөзсіз.

9e77ed7a-2149-42e9-8e29-34c71e26e5b4.webp

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
31 наурыз
30 наурыз