Бизнес-жоспар деген не және ол не үшін қажет екені туралы бүгін онлайн конференция барысында Жетісу облысының тұрғындары білді.
Спикер ретінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының маркетинг жөніндегі маманы Александр Кузнецов сөз сөйледі. Ол бизнес-жоспардың не екенін, ол қандай бөлімдерден тұратынын, оның дұрыс құрастырылуы неден басталатынын, бизнестің басталуы мен мақсатының мәні, осы мақсаттарды іске асыру мерзімдері, даму перспективаларын талдау туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Өз бизнесіңіздің жобасын жасау нарықтағы сұранысты талдаудан басталуы керек. Бизнестің табысты болуы үшін оның барлық компоненттерін есептеу, тәуекелдерді ескеру және шамамен пайданы есептеу қажет. Бұл бизнес-жоспар құрудың мақсаты», - деп атап өтті спикер.
«Мұқият жасалған бизнес-жоспар кәсіпкерлер үшін жақсы бағдар болып табылады. Бұл бизнесті жанадан бастау кезеңінде де, болашақта қызметтің жаңа бағыттарын іздеу кезінде де пайдалы. Бұл басқару мен бақылаудың тиімді құралы», - деп атап өтті Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев.