Мақалалар

Емханада пациентті қолдау қызметі жұмыс істейді

Yesterday, 10:29
1 mins read
149
Емханада пациентті қолдау қызметі жұмыс істейді
МӘМС

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының тапсырмасымен «Ақниет» емханасында ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында офтальмолог, отоларинголог, терапевт, психолог, эндокринолог, гинеколог және дерматолог мамандары қабылдау жүргізіп, тұрғындарға профилактикалық тексерулердің және скринингтердің маңыздылығы жөнінде кеңес берді. Пациентті қолдау қызметінің мамандары МӘМС жүйесі туралы ақпарат ұсынып, түсіндірме материалдарын таратты.

Дәрігерлер келушілердің артериялық қысымын өлшеп, қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын жедел сынамалар жүргізді. Қажеттілігіне қарай ультрадыбыстық зерттеу жасалды.

Сонымен қатар, емханада пациентті қолдау қызметі тұрақты түрде жұмыс істейді. Бұл қызмет ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша көрсетілген медициналық көмектерге қатысты барлық сұрақтарды қарайды, пациенттердің өтініштері мен шағымдарын қабылдайды, медициналық қызмет сапасын бақылап, туындауы мүмкін ақаулардың алдын алады. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтер ережелерінің орындалуын тексеріп, персоналды оқыту арқылы емхана сервистін жақсартуға ықпал етеді.

Егер медициналық қызмет көрсетуге қатысты сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз немесе өтініштеріңіз болса, емханадағы пациентті қолдау қызметіне жүгінуге болады.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін

Соңғы жаңалықтар