NewsHub.kz - Информационный хаб

Ұжым сенбілікке жұмылдырылды

15 нау 2025, 06:52
1 mins read
2031
Ұжым сенбілікке жұмылдырылды
Қызылорда облысы ТЖД

Ұжым сенбілікке жұмылдырылды

Бүгін елімізде Экология және табиғи ресурстар министрінің  2025 жылғы 20 наурыз-21 сәуір аралығына бекітілген «TazaLike» республикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шара аясында “Таза қала” сенбілігі Қызылорда қаласында ұйымдастырылған болатын.  Осыған сәйкес сенбілікке Қызылорда облысы ТЖД ұжым мүшелері түгел жұмылдырылды.

Сенбілікте жасыл желекті, талдарды күтіп-баптау, Өрт сөндірушілер-құтқарушылар аялдамаларын жуу, қураған шөптерді ору, абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. 

Айта кетейік, аталмыш сенбілік Департаментке қарасты бөлімшелер орналасқан барлық ғимараттардың аулаларында түгел ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы ТЖД

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
16 қараша
15 қараша
14 қараша
13 қараша