Стенды с Назарбаевым убрали из столичного сквера

Елорда күніне орай БАҚ өкілдері арасында «Таза Қазақстан-Таза Астана» байқау жарияланды

Елорда күніне орай БАҚ өкілдері арасында «Таза Қазақстан-Таза Астана» байқау жарияланды
Астана Тазалық

«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялайды. Жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. 

«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Астана күніне орай ұйымдастырылады.

Байқаудың мақсаты – Мемлекеттік «Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және шығару (көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, жүретін жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды қолмен және механикаландырып тазалау); «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту, сондай-ақ, қалада күн сайын тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше назар аудару қажет.

Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен блогерлер қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1)   «Үздік телевизиялық материал»;

2)   «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;

3)   «Баспа басылымындағы үздік мақала»;

4)   «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».

Байқауға 2025 жылғы 15 мамыр мен 30 маусым аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде шыққан жұмыстар қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстар саны шектелмеген.

Жұмыстарды тәуелсіз комиссия бағалайды. Комиссия құрамына коммуналдық сала мамандары мен тәжірибелі журналистер кіреді. Қазылар алқасы төмендегі критерийлерге сүйене отырып бағалайды:

1)    берілген тақырыптың өзектілігі және сәйкестігі;

2)    тақырыпты ашу тереңдігі және ұсынылған ақпараттың шынайылығы;

3)    баяндау стилі;

4)    авторлық пайымның бірегейлігі.

Байқауға қатысу үшін материалдар келесі электронды пошта арқылы қабылданады: [email protected]. Байланыс нөмірі: +7 700 259 2188.

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 2025 жылғы 30 маусым, сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен). 

Байқау қорытындысы 2025 жылғы 3-4 шілде аралығында жарияланады. 

Жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге. 

«Астана Тазалық» ЖШС баспасөз қызметі

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

16 мамыр
15 мамыр
14 мамыр