Фейк об открытии университета имени Бишимбаева распространился в Казнете

МӘМС аясында көрсетілген көмек бір өмірді сақтап қалды

Yesterday, 10:47
1 mins read
116
МӘМС аясында көрсетілген  көмек бір өмірді сақтап қалды
МӘМС

Түлкібас аудандық орталық ауруханасында дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған 42 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды.

Науқас ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген. «Жедел коронарлық синдром» диагнозы қойылып, бір сәтте жүрек соғысы мен тынысы тоқтаған. Бұл – клиникалық өлім жағдайы.

Дәл осы сәтте жансақтау бөлімінің  меңгерушісі Бақыт Қанатұлы, реаниматолог-дәрігерлер Дархан Ғаниұлы және Зияддин Валиев шұғыл түрде реанимациялық шараларды бастап кеткен.

Мамандар 25 минут бойы бір сәтке де тоқтамай жүрекке жанама массаж жасап, өкпені жасанды желдету, дефибрилляция және дәрілік терапия жүргізген. Нәтижесінде жүрек соғысы қалпына келді.

Бүгінде науқастың жағдайы бірқалыпты. Ол кардиологтардың бақылауында ем қабылдап жатыр. Туыстары медицина қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың еңбегін «нағыз ерлік» деп бағалады.

Медицина – тек ғылым емес, ол жанкештілік пен жүрек күші. Әрбір осындай оқиға – дәрігерлердің кәсібилігі мен адам өміріне деген шынайы жанашырлықтың дәлелі.

Бұл шара Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілген медициналық көмектің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. МӘМС арқылы азаматтар өмірлік маңызды жағдайларда тегін және сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday

Соңғы жаңалықтар

05 қазан
04 қазан
03 қазан