Ақтөбе облысының газ мамандары алдағы жылыту маусымына дайындықты аяқтап келеді

МӘМС жүйесі бойынша науқасқа үш ота жасалды

28 там, 09:29
1 mins read
1010
МӘМС жүйесі бойынша науқасқа үш ота жасалды
МӘМС

1965 жылғы науқасқа МӘМС жүйесі арқылы жүрек тамырларына күрделі бифуркациялық стенттеу және сол жақ тәж артерия бағанына стенттеу оталары жасалынды.Отадан кейін науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылған. Бұл жөнінде «ASIA MED» медициналық орталығының дәрігері Т.Жолдасов Астанада өткен интервенциялық кардиологтар және эндоваскулярлық хирургтар қоғамының ХІІ конференциясында баяндама жасады. Жиын соңынанда медициналық орталықта жасалған ота үздік бағаланып, 1 орынды иемденді. Конференцияда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен келген 50 – ге жуық үздік дәрігерлер өз тәжірибелерінде жүзеге асқан жұмыстарын баяндады.

Науқаста бұған дейін бірнеше этапта ота жасалған. Алайда, науқастың денсаулық жағдайы жақсармаған. Сондықтан науқас медициналық орталық дәрігерлеріне жүгініп, консилиумнен соң,  ота жасау шешімі қабылданды. Медициналық орталықтың бөлім меңгерушісі Е.Артықбаев, дәрігерлері Т.Жолдасов  және А.Нұрымбетов, реаниматолог А.Абишев  отаны сәтті аяқтады.

Айта кетерлігі, медициналық орталықта 2021 жылдан бері 3 мыңнан астам науқасқа жүрек-қан тамырлары бойынша оталар жасалған. Жалпы, жүрек қантамырлары стент орнатуға - 1 638 437 теңге, коронарография - 396 547 теңге, жүрекке ИКД және CRT-D орнату - 9 061 721 теңге. Егер пациент МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, осынау оталарға қомақты қаржыны төлеуіне тура келетін еді.

/category/news
Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
06 қазан
05 қазан
04 қазан