Түркістанда бас миының ірі ісіктерін алуға нейрохирургиялық ота жасалды

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

19 қаң, 10:54
2 mins read
182
МӘМС жүйесіндегі өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
МӘМС

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы заңға енгізілген өзгерістер кезең-кезеңімен іске асуда. Осыған байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мамандары Мақтарал ауданындағы «Мырзакент», «Атакент», Жетісай ауданындағы Жетісай, «Асықата» ауруханаларда, сондай-ақ «Күлпаршын» және «ГАПЛ» клиникаларында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту-семинар өткізді.

Семинар барысында МӘМС жүйесіндегі негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, 2026 жылдан бастап МӘМС пакетіне 11 нозологияны қамтитын әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) жаңартылған тізбесі енгізілді. Бұл ретте медициналық көмектің қолжетімділігі мен көлемі қысқартылмайды, яғни диагностика, консультация, емдеу және оңалту қызметтері бұрынғыдай толық көлемде көрсетіле береді.

Сонымен қатар, мемлекет 18 жасқа толғаннан кейін де мүгедектігі бар азаматтар үшін сақтандыру жарналарын төлеуді жалғастырады. Жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар, яғни МӘМС жүйесіндегі D және E санаттары да мемлекет есебінен сақтандырумен қамтылады.

Халықтың МӘМС жүйесімен қамтылуын арттыру мақсатында жарналар мен аударымдардың шекті мөлшері өзгертілді. Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспайтын табыстан, ал қызметкерлер 20 ЕТЖ-ға дейінгі табыстан төлейтін болады.

Қазіргі таңда медицина қызметкерлері аула аралау жұмыстары барысында тұрғындарға МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Ал МӘМС жүйесіндегі мәртебеге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар медициналық ұйымдардағы пациентті қолдау қызметіне жүгініп, толық әрі нақты ақпарат ала алады.

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

a0df8d33-df4a-43b5-9607-9426f90deed8.webp

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
20 қаңтар