Новости

МӘМС жүйесіндегі төлемдерді уақтылы төлемеу: мерзімді сақтаудың маңыздылығы

Бүгін, 05:12
1 mins read
107
МӘМС жүйесіндегі төлемдерді уақтылы төлемеу: мерзімді сақтаудың маңыздылығы
МӘМС

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.

«Сақтандырылған» мәртебесі тек соңғы 12 ай ішінде төлемдер үзбей жүргізілген жағдайда ғана беріледі. Ал үзіліс болған жағдайда мәртебе уақытша тоқтатылады, бұл МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке қолжетімділікті шектейді.

Жарналар мен аударымдар ай сайын төленуі тиіс. Олардың толық әрі уақтылы төленуін мемлекеттік кірістер органдары бақылайды. Мерзімдер бұзылған жағдайда өсімпұл есептеледі, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын тұрақты түрде мониторингтен өткізеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар арасында жарналар мен аударымдарды уақтылы төлемеу жағдайлары жиі тіркелген.

Шектеулердің алдын алу және медициналық көмекке қолжетімділікті сақтау үшін төленбеген кезеңдердің бар-жоғын тексеріп, қажет болған жағдайда өткізіп алған айлар үшін төлем жасаған жөн. 

 

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі

 

Ресми сайт – https://msqory.kz/ru/ YouTube-канал – https://www.youtube.com/@msqory_kz Telegram-канал – https://t.me/medsaqtandyru Facebook – https://www.facebook.com/msqory/ Instagram – https://www.instagram.com/msqory_kz/

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
14 сәуір