Бишимбаева обвиняют по двум статьям Уголовного кодекса

Мемлекеттік қолдау

18 ақп, 10:19
1 mins read
363
Мемлекеттік қолдау
РПП области Жетісу

Ақпан айының 18 мен 20 аралығында Қаратал ауданының әр округін аралап, ауыл тұрғындарына «Мемлекеттік қолдау» шаралары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл шараның мақсаты – ауыл халқын кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар мен ауыл шаруашылығына қатысты мемлекеттік қолдау механизмдерімен таныстыру.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізетін топ құрамында, Қаратал ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Байгазинова Гаухар Нұртайқызы, Қаратал аудандық «Мәнсап орталығы» филиалының директоры Ашықбаев Дархан Тлеуқабақұлы, Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жұманов Бейсенбі Нұржауұлы, Қаратал аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Саяқбаев Ильяс Маратұлы, Қаратал аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Боқбасаров Әділ Әбенұлы және Жетісу облысы Кәсіпкерлік Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Төлегенов Мержан Советханұлы бар.

Аталған жұмыс тобы ауыл тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін  барынша түсіндіріп, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ әлеуметтік қолдау мен жұмысқа орналастыру жайлы барлық ақпаратты жеткізеді. Тұрғындарға жеңілдетілген несие, гранттар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу курстары және басқа да мүмкіндіктер жөнінде кеңестер де беріледі.

Ауылдарда өтетін түсіндірме жұмыстары мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін көрсету арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жұмыс тобының өкілдері ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, оларды алдағы уақытта жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпараттандырмақ.

9e3d98ca-0d16-4fdc-b4ac-98d16b9e0ace.webp

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
20 ақпан
19 ақпан