Самрук-Казына зафиксирует минимальный размер дивидендов от КазМунайГаза

«Атом энергетикасын дамытудағы халықаралық тәжірибе» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Бүгін, 09:30
2 mins read
137
«Атом энергетикасын дамытудағы халықаралық тәжірибе» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Рудный индустриялық университетінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысыбойынша аумақтық департаментінің бұрынғы басшысы Қуатов Нұрлан Дарабаевичтің «Атом энергетикасындамытудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Шараға университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар келесісұрақтарды талқылады:

•әлемдегі атом электр станциялары туралы жалпымәліметтер;

•өз аумағында атом электр станциялары бар елдердің жетістіктері;

•атом энергетикасы бағдарламасын енді ғана жасапжатқан елдердің тәжірибесі;

•ТЖМ жүзеге асыру контекстіндегі атом электрстанцияларының экономикалық макроэффектілері;

•әлемдегі атом энергетикасының дамуынсалыстырмалы талдау.

Рудный индустриялық университетінің оқу ісіжөніндегі проректоры Божко Лариса Леонидовнақұттықтау сөз сөйлеп, ТМД-ны жүзеге асыру аясындаатом электр станциясын салу, елдегі энергетикалыққауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеткілікті мөлшердеэлектр энергиясын өндіру қажет екенін атап өтті.

Шарада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалаужәне бақылау комитетінің Қостанай облысы бойыншааумақтық департаментінің бұрынғы басшысы ҚуатовНұрлан Дарабаевич шақырылған лектор ретінде сөзсөйледі. 

Ол әлемдегі атом электр станциялары туралыжалпы мағлұмат беріп, өз аумағында атом электрстанциялары бар елдердің жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ атом энергетикасы бағдарламасын енді ғанадамытып жатқан елдердің тәжірибесіне тоқталды. Дәріскер атом энергетикасы құрылыс аймағыныңқоршаған ортасына, ауыл шаруашылығына, экожүйесіне теріс әсер етпейтінін, ал ҚР аумағындаүлкен атом электр станциясын пайдалануға беру көмірмен газ негізінде электр энергиясын өндірудіалмастыру есебінен атмосфераға көмірқышқыл газы шығарындыларының жалпы көлемін жылына орта есеппен 8 млн тоннаға қысқартуға ықпал ететінін атапөтті. ТДМ іске асыру контекстінде атом энергетикасының экономикалық макроэффектілерінқарастыруға, әлемдегі атом энергетикасының дамуынсалыстырмалы талдауға көп көңіл бөлінді.

Қазіргі уақытта Рудный индустриялықуниверситетінде гранттық қаржыландыру аясында«Өңіраралық байланыстарды және мемлекеттікреттеуді ескере отырып, өңірлік даму факторларынзерттеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарыжүргізілуде. Ғылыми-зерттеу бағдарламасына сәйкесТДМ жүзеге асыру контекстінде атом электрстанцияларының экономикалық макроэффектілеріқарастырылып, атом энергетикасын дамытудағыэкологиялық құрамдас бөлігі зерттеледі.

Осылайша, ұсынылған тақырыптар тұрақты даму және энергетикалық қауіпсіздік әдіснамасы арқылызерттеліп, зерттеу нәтижелерін тарату жұмыстары да жүргізілуде.

 

/category/news
Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
17 қыркүйек