8 - Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, аудандық "Кәсіпкерлер Кеңесінің" мүшесі, ауданының "Іскер Әйелдер Кеңесінің" төрайымы Седова Людмила Владимирқызын, "Кәсіпкерлер Кеңесінің" атынан Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Төлегенов Мержан Советханұлы шын жүректен құттықтап, арнайы Алғыс хат табыстады.
Бұл іс-шара тек әйелдер мерекесіне орай өткізілген құттықтау ғана емес, сондай-ақ Людмила Владимирқызының кәсіпкерлік саласындағы еңбегі мен қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалау . Седова Людмила Владимирқызының басшылығымен Іскер Әйелдер Кеңесі аудандағы әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы рөлін арттыруға үлкен үлес қосып келеді.
8 - Наурыз, әйелдерге деген құрмет пен махаббаттың ерекше күні. Людмила Владимирқызының кәсіпкерлік саласына қосқан үлесі бәрімізге үлгі. Осы себепті, мен оны нәзіктік пен әсемдіктің мерекесі қарсаңында арнайы құттықтап, Алғыс хат табыстап отырмын», — деп атап өтті Мержан Советханұлы өз сөзінде.
Седова Людмила Владимирқызының қоғамдағы қызметі мен еңбегі көптеген адамды ілгері жетелеп, оларға шабыт бергенін атап өту қажет. Ол әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына ерекше ықпал етіп, ауданның әлеуметтік және экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған жобаларға белсене атсалысады.
Бұл іс-шара аудандық кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаумен қатар, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға деген үлкен құрметті көрсетеді. Людмила Владимирқызына тағы да зор денсаулық, жаңа табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз!