Ауруханада жаңа деңгейде ота сәтті өтті

Оқушыларға МӘМС жүйесінде алатын медициналық көмектері бойынша кеңес берілді

3 сағат бұрын
1 mins read
45
Оқушыларға МӘМС жүйесінде алатын  медициналық көмектері бойынша кеңес берілді
МӘМС

Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады. Бұл жөнінде Қор филиалы өкілдері мен Жетісай, Сарыағаш аудандық аурухана қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесу барысында кеңінен түсірген болатын.

Оқушыларға медициналық қызметтер мектеп орналасқан аумаққа тиесілі емхана арқылы көрсетіледі. Мектептердегі медициналық пункттер оқу жылы барысында балаларды бақылап, уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға  мектеп медицинасы, стоматологиялық, дәрігерлердің консультациялары,  зертханалық талдаулар, құрал-жабдық диагностикасы (УДЗ, рентген, КТ, МРТ және т.б.), күндізгі және тәулік бойғы стационар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (аурулардың тізімі бойынша), жоғары технологиялық медициналық көмек оңалту қызметтері қызметтер қолжетімді.

Ескеретін жайт, түлек мектепті аяқтағаннан кейін МӘМС жүйесіндегі мәртебесін тұрақты тексеруі қажет. Ол үшін төмендегі байланыс арналары арқылы алуына болады.

- Қордың msqory.kz ресми сайтында

- 1414 бірыңғай байланыс орталығының нөмірі бойынша

- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы

- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында

- egov.kz сайтындағы жеке кабинетте

- Damumed-тегі жеке кабинетте

- Банктердің мобильді қосымшаларында

a064f77f-efd1-46cd-8f21-9c47d1ab28d3.webp

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін