Түркістан облысында 1,8 миллионға жуық тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Ордабасы аудандық ауруханасында тағы бір күрделі операция сәтті өтті

Бүгін, 05:12
1 mins read
110
Ордабасы аудандық ауруханасында тағы бір күрделі операция сәтті өтті
МӘМС

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында 2010 жылы туған науқасқа жоспарлы түрде травматологиялық операция сәтті жасалды.

Науқасқа сол жақ бұғананың ығысуымен жабық сынуы диагнозы қойылып, дәрігерлер консилиумының шешімімен хирургиялық ем жүргізу жоспарланды. Ота барысында сол жақ бұғанаға ашық репозиция жасалып, металл пластина мен бұрандалар арқылы остеосинтез операциясы орындалды.

Хирургиялық араласу білікті травматолог-дәрігерлер мен анестезиолог мамандардың қатысуымен, заманауи медициналық талаптарға толық сай, жоғары деңгейде өтті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық әрі тұрақты, ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Алдағы кезеңде емнен кейінгі оңалту шаралары жүргізіледі.

Айта кету керек, көрсетілген медициналық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін көрсетілді. Бұл сақтандырылған азаматтар үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің нақты көрінісі болып табылады.

Ордабасы көпбейінді аудандық орталық ауруханасы тұрғындарға сапалы және уақтылы медициналық қызмет көрсетуді жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
20 қаңтар