В Актобе открыт первый павильон для участников проекта «Ауыл аманаты»

Ойынқұмарлық: ұтылған өмір! “Хабар” агенттігі лудомания тақырыбын қозғаған деректі жобаның тұсаукесерін өткізді

Ойынқұмарлық: ұтылған өмір! “Хабар” агенттігі лудомания тақырыбын қозғаған деректі жобаның тұсаукесерін өткізді

«Хабар» Агенттігі 30 жылдық мерейтой аясындамаңызды әлеуметтік мәселелерді қозғайтын деректі фильмдерциклын жалғастыруда. Кезекті туынды — СәбиБайбосыновтың авторлық жобасы «Ставка на жизнь» деректі фильмі қазіргі замандағы ең өткір — ойынқұмарлықтақырыбына терең үңіледі.    

Фильм бәс тігем деп нағыз лудоманға айналып кеткеннақты кейіпкерлердің бастан кешкен шытырман оқиғаларынанегізделген — олар ақша, отбасы, денсаулық, кейде үмітіненайырылған адамдар. Кейіпкерлер әдетте ешкімге тісжармайтын сырларымен бөліседі. Бастан өткергенін ашықмойындап, өрмекші торындай аяусыз жүйеге жұтылып кеткенкейіпкерді көрген көрермен – бұл ауыр дерттің казино мен букмекерлік кеңселерден асып, смартфон арқылы жастардыңкүнделікті өміріне еніп кеткеніне көз жеткізеді. 

29 мамырда өткен алдын ала көрсетілімге депутаттар, блогерлер, журналистер, психологтар, қоғамқайраткерлері қатысты. Көрсетілімнен кейін ойын бизнесімен лотерея қызметін реттеу бойынша 2024 жылықабылданған заңның авторлары, Парламент Мәжілісініңдепутаттары профилактикалық жұмыстарды күшейту жәнепсихологиялық көмекке қолжетімділікті арттыру бойынша өзұсыныстарын айтып, белсенді талқылау өтті. 

«Құмар ойындарға тәуелділік – адам тағдырын, бүтіндей отбасыларды ойрандап, өмірді күйрететінтрагедия. Ең қорқыныштысы – бұл дертке жастар жиіұрына бастады. Сондықтан да мұндай тақырыптардыашық, шынайы, кәсіби түрде көтеру аса маңызды. «Ставка на жизнь» фильмі – жай ғана хикая емес, бұл – үміт. Егеросы жоба арқылы біз бір адамның өмірін құтқара алсақ – онда бұл фильмнің бекер болмағаны. Біз бұл мәселені ашықайтып, нақты өзгерістерге қол жеткізуіміз керек», – дедіМәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.  

«Біз лудоманияға қарсы бағытталған заңныңқабылдануына ұзақ уақыт бойы күш салдық. Бұлбастамамызды Мемлекет басшысы да қолдады. Ол нақтыайтты: Қазақстанда 400 мыңға жуық адам құмаройындарға тәуелді. Бұл – орасан зор көрсеткіш. Біз бұладамдарды қиындықпен бетпе-бет жалғыз қалдыруғақұқымыз жоқ. Қазір мұндай жандарға кеңес беру жәнепсихологиялық қолдау көрсетілуде. Бірақ заң – тек құрал ғана. Ең бастысы – қоғам санасын өзгерту», – деді Мәжілісдепутаты Елнұр Бейсенбаев.

«Біздің миссиямыз — адамдарды шыныментолғандыратын және қоғамды алаңдататын өзектімәселелерді қозғау. Бұл тақырыптарды жария етіп қанақоймай, қоғаммен ашық және терең талқылау қажет. «Ставка на жизнь» деректі жобасы — құмар ойынныңқұлдығына түскен жандардың жанайқайы. Шыны керек, мұндай өткір мәселеден біз шет қала алмаймыз», — деп атапөтті «Хабар» Агенттігінің Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев. 

Жоба бұған дейін қоғамдағы депрессия дерті туралыфильммен ашылған Агенттіктің деректі жобалар циклынжалғастырды. Бұл бағыттағы әрбір жұмыс — жай ғана кино емес, «жабулы қазан» күйде қалған өткір мәселелертуралы үнсіздікті бұзуға арналған әлеуметтік манифест. 

«Ставка на жизнь» деректі фильмінің телекөрсетілімі 8 маусым күні сағат 21:00-де «Хабар» телеарнасында өтеді.  

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
30 мамыр
29 мамыр