Рост экспорта казахстанской нефти по системе КазТрансОйл ожидается в апреле

Талдықоғанда полиция қызметкерлері бірталай интимді қызмет көрсету жерлердін кәсібін тоқтатты

04 жел 2023, 12:02
2 mins read
1154
Талдықоғанда полиция қызметкерлері бірталай интимді қызмет көрсету жерлердін кәсібін тоқтатты
ДП области Жетісу

«STOP трафик» іс-шарасы аясында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері облыс орталығындағы бірнеше сауналар мен қонақ үйлерді, сондай-ақ басқа да жалға берілетін үй-жайларды тексерді. Нәтижесінде 5 жезөкшелер үйі анықталып, иелері ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайларды бергеніне әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ірі көлемде айыппұл салынды. Аталған фактілер бойынша жинақталған материалдар сотқа қарау үшін жолданды.Жыл басынан бері облыста осыған ұқсас 12 факті анықталды. Тұрғын үйді одан әрі жыныстық притон ретінде пайдалану үшін жалға берген пәтер иелеріне 4 000 000 теңгеден астам айыппұл салынды. Ұсталған талдықорғандық қыздар 18 бен 40 жас аралығында. Олардың басым бөлігі облыс орталығына жеңіл ақша табу үшін облыстың шалғай аудандарынан, ал екеуі еліміздің басқа өңірлерінен келген. Жеткізілгендердің арасында аты шыққан «kyzdar.net» сайты арқылы интимдік қызмет көрсеткен қыздар, олардың қызметі тергеу органдарымен тексерілуде. Барлығының жоғары немесе арнаулы білімінің жоқтығынан мамандықтары да жоқ. Араларында 10 жылдан астам интимдік кәсіппен айналысқан тұлға да бар, бірақ неше жыл өтсе де түзету жолын ұстанбаған. Жыл басынан бері олардың саны 53-ке жетті. Жеткізілгендердің екеуі көршілес елден келген шетелдік азаматшалар болып шықты. Екеуі де жеке басын және елге келген мән-жайын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды.Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері облыста жеңгетайлықпен айналасуымен айыпталған үш адам ұсталған болатын. Жалпы, жыл басынан бері полицейлер 14 жеңгетайлық, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту, кәмелетке толмағандарды сату және т.б. фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
12 қараша
11 қараша