"ТЖМ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 ИГІ ІС" ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА!
⠀
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ТЖМ 30 жылдығына – 30 игі іс» акциясы аясында әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үйлерін аралап, жылу беру маусымына дайындыққа нақты көмек көрсетілді.
⠀
? Тұрғын үйлердің:
? Жылыту пештері жөнделіп,
? Зақымдалған электр сымдары қалпына келтірілді;
? Мұржалар тазаланып,
? Көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылды.
⠀
? Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, арнайы үнпарақтар таратты.
⠀
✅ Игі істер жалғасуда! Бұл – тек көмек емес, қауіпсіз қоғам құру жолындағы нақты қадам!
⠀
? Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті