«Донор бол - өмір сыйла!» тақырыбында акция өткізілді
Қызылорда қаласындағы қан орталығында «Донор бол - өмір сыйла!» тақырыбында акция өткізілді. Қан қорын толықтыру мақсатында және жазатайым оқиғалардан кейінгі жарақат алған науқастар мен дүниеге жаңа келген нәрестелер мен жас аналарға, қатерлі ісік пен ауыр сырқатқа шалдыққан мұқтаж адамдарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері атсалысты.
Акция барысында алдымен қан берушілерді толықтексеруден өткізіп, қант мөлшері, гемоглобинкөрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғынзертханалық жолмен анықтап, содан кейін ғана донорболуға мүмкіндік берді.
Қызылорда облысы ТЖД