Дариядағы сеңнің қауіпсіз өтуін пысықтау мақсатында жедел кеңес өткізілді
2025 жылдың 28 ақпанында Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында дариядағы мұздың қауіпсіз өтуінпысықтау мақсатында жедел кеңес өткізілді. Жедел кеңеске департаменттің бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров төрағалық етті. Жедел кеңес барысында мұздың қауіпсіз өтуі туралы сұрақ талқыланды. Тақырыпқа орай Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов, Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жандос Досымов баяндама жасады. Сонымен бірге бейнеконференциялық байланыс арқылы Жалағаш ауданы ТЖБ бастығы Еркін Назарқұлов қазіргі таңда сеңнің Жалағаш ауданының аумағынан өткендігін баяндады. Жедел кеңестің тәмамдалуы барысындақұзыретті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Қызылорда облысы ТЖД