

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің мамандарына сабақ өткізілді
2023 жылдың 31 қазанында Қызылорда облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының бас маманы А. Нұрманова аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің мамандарына сабақ өткізді. Аталмыш сабақ ZOOM байланысы арқылы ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – аудандық ТЖБ мамандарына әдістемелік көмек көрсету. Сонымен бірге БАҚ-на ақпарат беру тәртібі, бөлімнің оң-бедел-бейнесін қалыптастыруда атқаратын жұмыстар турасында кеңес берілді. Соңында мамандардың сұрақтарына жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД