«Казахтелеком» должен выплатить государству спецдивиденды от продажи Kcell – эксперт

«Самұрық-Қазына» қолдауымен Астанада жаңа инклюзия кабинеттері ашылды

18 жел 2024, 14:23
1 mins read
3033
«Самұрық-Қазына» қолдауымен Астанада жаңа инклюзия кабинеттері ашылды
Samruk-Kazyna Trust

«Самұрық-Қазына» АҚ елордада инклюзивті білім беруді қолдау желісін кеңейтуде.

Бүгін Астананың №32, 52, 61, 65 және 90 мектептерінде жаңа бес инклюзия кабинеті салтанатты түрде ашылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Қазақстанның өңірлерінде оңалту орталықтарын, спорт кешендері мен бейімделген спорт секцияларын аштық. Ерекше қажеттіліктері бар жастарды цифрлық мамандықтарға оқытып, олардың жұмысқа орналасуына көмектесеміз. Біз адамдарға туғаннан бастап көмек көрсетіп, олардың қоғамға бейімделуіне барынша ықпал етеміз. Инклюзия кабинеттері – осы жүйенің маңызды бөлігі», – деді қор басшысы Нұрлан Жақыпов №65 мектеп-гимназиясындағы ашылу салтанатында.

Open space форматындағы кабинеттерде дефектолог, логопед, психолог мамандарына және қыш шеберханасына арналған орындар бар.

Емдік дене шынықтыру кабинеті қажетті спорт құралдарымен және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Инклюзия кабинеттеріне 240 бала қатыса алады.

Қыркүйекте жаңа форматтағы инклюзия кабинеттері елордадағы №22, 36, 59, 76 және 97 мектептерінде алғаш рет іске қосылды. Жалпы, Астанадағы инклюзия кабинеттері ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16%-ын қамтиды.

Тағы 4 кабинет Ақмола облысында ашылды. Қазіргі таңда Көкшетауда бесінші кабинетті жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
03 ақпан
02 ақпан