Сұхбат

Жеңіске жеткен спортшылар!

15 нау, 13:00
1 mins read
1191
Жеңіске жеткен спортшылар!
Қызылорда облысы ТЖД

Жеңіске жеткен спортшылар!

Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылында  қоян-қолтық ұрыстан балалар, жасөспірімдер және жастар арасында өңірлік жарыс өткізілді. Аталмыш турнирге облыстан “Орда файтерс”,

“Batyr team”, Ұлттық спорт, Нағи, Сырдария, Сыр батырлары және Шиелі спорт командаларынан 130-ға жуық спортшы  8 салмақ түрінен күш сынасып, әрбір салмақ түрі бойынша мықтылары анықталды. Қызылорда облысының чемпионатына Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің спортшылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:

Әуезхан Диас 62 кг салмақ дәрежесінде  2 орынды,

Бақытжан Димаш 67 кг салмақ дәрежесінде 3 орынды,

Орынбаев Мейрамбек 88 кг салмақ дәрежесінде 1 орынды,

Мырзахмет Насрадин 97 кг салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленді.

Аталған қызметкерлер Ақтау қаласында ағымдағы жылдың 3-6 сәуірінде өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Әріптестерімізді жүлделі орын алуларымен құттықтаймыз. Алдағы чемпионаттан да жүлдемен оралуына тілектеспіз.

Қызылорда облысы ТЖД

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
31 наурыз
30 наурыз