Жалпы республикалық "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК
Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 2024 жылғы 24 тамызда аталмыш тазалық акциясы аясында өткізілген өңірлік сенбілікке жұмыла атсалысты. Акцияға үлес қосуға департаменттің Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының басшылығы бастамашы болды. "Таза Қазақстан" акциясының мақсаты - тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортада тазалықты сақтау, табиғатты қорғау. “”Таза Қазақстан” акциясына үлес қосу - Отаншылдық қасиеттің бір көрінісі, бастауы. Әрбір азаматтың борышы және міндеті қоршаған ортаны таза ұстау, көркейту, абаттандыру”,-дейді акцияға белсене атсалысушының бірі, департаменттің қызметкері Әлихан Балтақожаұлы.
Аталмыш сенбілік барысында департаменттің және бөлімшелердің қызметкерлері Иван Панфилов және Зейнолла Шүкіров атындағы көшелердің аралық маңын - яғни Қожа-Ахмет Яссауи көшесінің бойын түгел қураған шөптен және қоқыстан тазартты.
Қызылорда облысы ТЖД