Отырар ауданында ашық есік күні өтті

Тұрғындарға МӘМС шеңберінде алатын қызметтер түсіндірілді

25 қар, 10:26
1 mins read
430
Тұрғындарға МӘМС шеңберінде алатын қызметтер түсіндірілді
МӘМС

Ескі Иқан ауылында медициналық сақтандыру қорының филиалы мен Сауран емханасының мамандары тұрғындарға ТМККК және МӘМС аясында қолжетімді медициналық қызметтер туралы түсіндірді. Мамандардың айтуынша, азаматтар профилактикалық тексерулерден бастап күрделі операцияларға дейінгі көптеген қызметті емханадан тегін немесе сақтандыру есебінен ала алады.

Тұрғындар тіркелген емханасын eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы тексере алады. Жыл сайын міндетті түрде дәрігерге дейінгі тексеруден өту қарастырылған. Әйелдер үшін алдын ала қаралу кабинеті жұмыс істейді, онда онкоцитология және профилактикалық тексерулер жүргізіледі.

Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа да ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін скринингтер тегін жүргізіледі. 2025 жылдан бастап МӘМС пакеті кеңейіп, жүрек, асқорыту, бүйрек, эндокриндік жүйе, балалардың церебралды сал ауруы және басқа да диагноздар бойынша ем-шаралар қамтылады.

Реформалардың негізгі мақсаты — тұрғындарды сапалы және қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету.

a070deea-41f7-4e5f-94e1-9c6e0a76a94b.webp

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін

Соңғы жаңалықтар