В МВД опровергли сообщения о «приманках» для водителей на трассах

Тұрғындарға медициналық көмектің жаңа тәртібі таныстырылды

16 ақп, 07:53
1 mins read
199
Тұрғындарға медициналық көмектің жаңа тәртібі таныстырылды
МӘМС

МӘМС жүйесін жаңғыртуға қатысты енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Қазығұрт, Абай, Отырар аудандық орталық ауруханалары, Кентау қалалық емханасы, сондай-ақ «Өркен», «Бегімарт» жеке меншік медициналық ұйымдарының қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізді. Ақпараттық жұмыстар мектептер мен пошта бөлімшелерінде ұйымдастырылып, аула аралау барысында түрлі нысаналы топтарға медициналық көмекті алу тәртібі мен азаматтардың құқықтары кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында тұрғындарға 2026 жылдан бастап әлеуметтік мәні бар аурулардың бастапқы диагностикасы сақтандыру мәртебесіне қарамастан мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек (ТМККК) аясында жүргізілетіні туралы айтылды. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек туберкулез және АИТВ-инфекциясына ғана қатысты болған.

Сонымен қатар, қант диабеті, балалардың церебралды сал ауруы, дәнекер тіннің жүйелік зақымдануы, ревматизм сияқты бірқатар аурулар бойынша медициналық қызметтер МӘМС пакетіне ауыстырылғаны түсіндірілді. Бұл ретте көрсетілетін медициналық көмектің көлемі қысқартылмайды, тек қаржыландыру көзі өзгереді. Барлық сақтандырылған азаматтар МӘМС аясында қажетті емін, консультацияларын және дәрі-дәрмектерін тегін ала береді.

Мамандар әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар азаматтарға өздерінің әлеуметтік және сақтандырылған мәртебесін тұрақты түрде тексеріп отыру қажеттігін ескертті. Қызмет алу тәртібі немесе құқықтарға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда тіркелген медициналық ұйымдағы Пациентті қолдау қызметіне немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалына жүгінуге болады.

Мұндай ақпараттық кездесулер тұрғындардың медициналық қызметтер туралы хабардарлығын арттыруға және жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

20 ақпан
19 ақпан
18 ақпан