Бюджет Казахстана обсудили в Акорде

Түркістан облысында «Медициналық көмектің флагманы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

16 сент., 07:53
2 mins read
695
Түркістан облысында «Медициналық көмектің флагманы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
МӘМС

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның құрылғанына 10 жыл толуы қарсаңында ұйымдастырылған «Медициналық көмектің флагманы» конкурсының қорытындысы шығарылды.

2026 жылғы 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында өткен конкурсқа Түркістан облысынан Қормен келісімшарт жасасқан 186 медициналық ұйым қатысты.

Конкурстың жаңартылған тұжырымдамасына сәйкес медициналық ұйымдардың жұмысы бірқатар маңызды көрсеткіш бойынша бағаланды. Атап айтқанда:

  • қаржылық тұрақтылық;

  • халықпен ақпараттық жұмыс жүргізу;

  • медициналық ұйымға қатысты Қорға түскен арыз-шағымдар санының төмендеуі;

  • Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің жұмысын тиімді ұйымдастыру;

  • қаржылық тәртіп;

  • «Qalqan» ақпараттық жүйесіне қатысу деңгейі.

Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысындағы екі медициналық ұйым жеңімпаз атанды.

a2c202dd-6231-40fa-bc44-f7988720e750.webp

Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету бағыты бойынша:

  • Түркістан облыстық балалар ауруханасы.

Бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық және жедел медициналық көмек көрсету бағыты бойынша:

  • Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасы.

Жеңімпаздарға естелік кубоктар мен дипломдарды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов табыстады. Ол медициналық ұйымдардың ұжымдарын жеңісімен құттықтап, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде медициналық қызметтердің сапасымен қатар, медициналық ұйымдағы басқару жүйесінің тиімділігі, қаржылық тұрақтылығы, пациенттермен кері байланыс орнату деңгейі және ұйымның тұрақты даму көрсеткіштері ескерілді.

«Медициналық көмектің флагманы» конкурсы медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуге және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
23 сентября