Аргын Нигматулин объявлен в международный розыск – Генпрокуратура

Түркістан облысында жыл басынан бері 40-қа жуық медициналық нысанның құрылысы жүргізілді

Yesterday, 09:45
2 mins read
112
Түркістан облысында жыл басынан бері 40-қа жуық медициналық нысанның құрылысы жүргізілді
МӘМС

Түркістан облысында биыл 36 медициналық нысанның құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, 34 дайын ғимарат сатып алынды. Бұл жайында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Биыл 3 ірі медициналық нысанның құрылысы басталды. Олардың қатарында Түркістан қаласындағы 80 төсек-орындық перзентхананың құрылысы, Сарыағаш қаласында бой көтеріп жатқан көпбейінді аурухана және Ордабасы ауданына қарасты Қажымұқан ауылдық округіндегі 200 орындық облыстық периниталдық орталықтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс аумағында 6 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның үшеуі пайдалануға берілсе, қалған үшеуі 2026 жылға өтпелі. Бүгінгі таңда өңірде 259 бейінді дәрігердің жетіспеушілігі анықталған. Бұл мәселені шешу бойынша 2023 жылдан бері жоғары білімнен кейінгі оқу орындарына медициналық мамандықтағы дәрігерлерді резидентурада даярлау үшін жергілікті бюджет есебінен 251 грант бөлінген. Нәтижесінде биыл 31 дәрігер Ресей мен Түркия елдерінде біліктіліктерін арттырды. Айта кетейік, жалпы өңірдің денсаулық сақтау басқармасына қарасты 45 медициналық ұйымда 24 405 азамат қызмет атқарады»- деді Асхан Мархабайұлы.

a0b535a7-34d9-4b59-be66-c729abb470dc.webp

Сонымен қатар, облыс аумағында өлім-жітім деңгейі 2,5%-ға төмендеген. Сондай-ақ, ана өлімі 32,4%-ға азайса, нәресте өлімі 8,6%-ға, ал бала өлімі 7,7 %-ға кеміп отыр. Бұдан бөлек, 2026 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де бірқатар өзгерістер енгізілмек. Атап айтқанда, «Бірыңғай медициналық көмек пакеті» жүзеге асырылмақ. Бұл пакет аясында онкологиялық скринингтер, әлеуметтік мәні бар 8 ауруға күдік кезінде тегін КТ және МРТ, амбулаторлық диализ және созылмалы аурулар бойынша медициналық көмектер қолжетімді болады. Саладағы өзгерістер жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов баяндады.

«Бұған дейінгі мемлекет есебінен сақтандырылатын 15 жеңілдік санатынан бөлек, 2026 жылдан бастап D және E санаттары мен ресми жұмыссыз азаматтар үшін жарналар жергілікті бюджет есебінен төленеді. Аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен 5,2 млрд теңге қарастырылады. Бір адамға ай сайынғы жарна 5 908 теңге, яғни, жылына 70 897 теңгені құрайды. Жалпы 2 068 354 облыс тұрғындары медициналық ұйымдарға тіркелген болса, оның 81,5%-ы сақтандырылған. Сондай-ақ, 1 393 628 адам жеңілдік санатындағы азамат» - деді спикер.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday

Соңғы жаңалықтар