Неизвестные незаконно установили дорожные знаки в Таразе

Түркістанда кәсіпкерлерге МӘМС төлемдері мен еңбек заңнамасы түсіндірілді

Бүгін, 05:09
2 mins read
132
Түркістанда кәсіпкерлерге МӘМС төлемдері мен еңбек заңнамасы түсіндірілді
МӘМС

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында Білім беруді және медицинаны дамыту және Өңдеу өнеркәсібі салалық кәсіпкерлер кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

Жиында жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша берешегін өтеу тәртібі және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы талқыланды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары Бағлан Базарбекұлы жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің МӘМС жүйесіндегі міндетті төлемдері туралы түсіндірді.

МӘМС жүйесінде мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың ортақ жауапкершілігі қарастырылған. Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін аударымдарды уақытылы және толық көлемде төлеуге міндетті. Төлем мерзімінің кешіктірілуі берешектің қалыптасуына және өсімпұл есептелуіне әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің өздері үшін төлейтін жарналары және жалдамалы қызметкерлер үшін аударылатын төлемдердің тәртібі түсіндірілді. Кәсіпкерлерге берешек болған жағдайда оны уақытылы өтеу және қызметкерлерінің сақтандыру мәртебесін бақылау қажеттігі ескертілді.

a3246f99-4f0c-4251-a2c8-c879b353453b.webp

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы еңбек заңнамасының негізгі талаптарына тоқталды.

Жиында еңбек шарттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу және Enbek.kz платформасында тіркеу, еңбекақыны уақытылы төлеу, міндетті төлемдерді аудару және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелері қаралды.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Абайжан Бақытжан кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді қарастыру және оларды шешуге қолдау көрсету жұмыстарының маңызын атап өтті.

Палатаның Аппарат басшысы Санат Сапарбай кәсіпкерлердің заң талаптарын дұрыс түсініп, міндеттемелерін уақытылы орындауы бизнестің тұрақтылығы мен қызметкерлер алдындағы жауапкершіліктің маңызды бөлігі екенін айтты.

Жиын соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды. Көтерілген ұсыныстар мен тиісті тапсырмаларды хаттамалық тәртіппен рәсімдеу көзделді.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
02 қараша