М. Саламатов көшесіндегі қолданыста жоқ жанармай құю станциясының ауласында жалпы ауданы 289 шаршы метрді құрайтын шаруашылық құрылысы және жем жанды.
Өрт салдарынан жанармай құю станциясындағы оператор бөлмесінің сыртқы қабырғасы зақымдалды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бейнекадрде: Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов.
Қызылорда облысы ТЖД