Почему добыча нефти в Кызылординской области упала в три раза

Қызылорда өңірінде “Құтқарушылар аялдамасы” бар

20 қар, 15:31
1 mins read
496
Қызылорда өңірінде “Құтқарушылар аялдамасы” бар
Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда өңірінде “Құтқарушылар аялдамасы” бар

20 қарашада Қызылорда облысы Сырдария ауданының  Тереңөзек кентіндегі Аманкелді Иманов көшесінің бойында “Құтқарушылар аялдамасы” көрініс тапты. Ондағы мақсат: төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау,  көпшілікке қауіпсіздік қағидаларын ұғындыру, түлектерге Азаматтық қорғау академиясында білім алуды насихаттау. Сонымен қатар, қаза болған өрт сөндіруші  Забикулин Асқар Серікұлынның бейнесі бейнеленді.  Ол 2022 жылы қараша айында Астана қаласындағы Қаһарман тұрғын үй кешенінде орын алған өрт оқиғасы кезінде өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан 3 адамды құтқарып қалған болатын. Бүгін әріптестің қаза болғанына 2 жыл толды. “Ерлік ешқашан ұмытылмайды”. Аталмыш аялдаманы жасақтау жұмысының авторы: Сырдария ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Шарафадинов.

Бұл аялдама - Қызылорда өңірінде азаматтық қорғау саласында жасақталған үшінші аялдама. Яғни, Қызылорда қаласында бұған дейін де 2 аялдама  өрт қауіпсіздігіне арналған болатын.

Жоғарыда аталған аялдама жөнінде “ҚоғамТВ” телеарнасының тілшілері арнайы телесюжет дайындады.

Қызылорда облысы  ТЖД

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday