Несмотря на негатив общественности: в Кыргызстане изменят дизайн флага

Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының 9 айда жасаған жұмыс қорытындысы.

09 қыр 2022, 00:56
2 mins read
941
Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының 9 айда жасаған жұмыс қорытындысы.

Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының 9 айда жасаған жұмыс қорытындысы.

Бизнестің құқығы мен оның мүддесін жан-жақты қорғау «Атамекен» Ұлттық палатасының басты қызметінің бірі. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін өңірлік палата құрылымында бизнес омбудсмен аппараты, кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі мен  заңгер-сарапшылар жұмыс істейді.

Жыл басынан бері бизнесті қорғау бағыты бойынша 133 өтініш келіп түсіп, оның 70%ға жуығы оң шешімін тапты. Кәсіпкерлердің  861,5 млн. теңгеге жуық сомадағы мүліктік құқықтары қорғалды.

Графика: 2022 жылғы өтініштердің құрылымы: мемлекеттік органдардың іс–әрекеттеріне шағымдар – 21%, Мемлекеттік сатып алу саласы  – 17%, өзге де мәселелер – 22%, АӨК саласы – 10%, салықтық даулар– 10%, Жер мәселелері - 20%.

 

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 10 отырысында бизнестің түйіткілді 31 мәселе қаралды. Оң шешілген мәселелер саны – 19, қарауда – 8. Негізінен кәсіпкерлердің шағымдары жер, салық мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және агроөнеркәсіптік саласымен байланысты.

 

Сонымен бірге кәсіпкерлердің құқығын қорғау қызметі Прокуратура, Сот Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен бірлесе жүгізілуде. Өзара ынтымақтастық жөнінде келісім мен жол картасы әзірленген.

 

Кәсіпкерлер облыс орталығы мен аудандарда орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан бизнесті ашу мен жүргізу бойынша түрлі қызметтерді тегін алады. Жыл басынан бері 5163 кәсіпкерге 11 230 бухгалтерлік, құқықтық, маркетингтік қызметтер көрсетілді. 181кәсіпкердің бизнес жобасы сүйемелденіп, іске асырылды.

 

Әйелдердің кәсіпкерлік бастамасын қолдауға бағытталған Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы 7 түрлі қызмет ұсынады, өткен жылдан бері 450 әйел кәсіпкерге қолдау берілді. Біліктілікті көтеру мақсатында 51 әйел Тігінші және кондитер мамандықтары бойынша бейінді оқытудан өтті.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

30 сәуір
29 сәуір