Использование искусственного интеллекта при озвучке телепрограмм ограничат в Казахстане

МӘМС: Органдарды трансплантациялау операциясы ақысыз жасалады

31 авг. 2023, 08:27
3 мин. чтения
845
МӘМС: Органдарды трансплантациялау операциясы ақысыз жасалады
МӘМС

Медициналық сақтандыру жүйесі – халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған. МӘМС жүйесі енгізілгеннен бастап, пандемия жағдайында кедергілерге қарамастан айтарлықтай жұмыстар атқарылды. МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде қажетіне қарай ем алады. Тіпті, қажет болған жағдайда құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтерде МӘМС жүйесінде ақысыз жасалады. Әсіресеғ органдарды трансплантациялау бойынша операциялар тек емдеу мекемелерінде ақысыз жүзеге асырылады.

Соңғы кезде еліміздің медицина саласында қол жеткізген жетістіктер аз емес. Алдыңғы қатарлы озық технологиялардың арқасында жүрек, бүйрек алмастыру оталары сәтті жүзеге асырылып келеді. Осы ретте, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында бірнеше жылдан бері жоғары технологиялық оталар жасалып жатыр. Бүгінде ауруханада ағза ауыстыруды қажет ететін науқастарды одан әрі іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2016 жылдан бері трансплантология мамандарын, анестезиологтарды, фельдшерлік-медициналық қызметкерлерді даярлау жүргізіліп келеді. Мамандар Алматыдағы Ә.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургиялық орталығынан, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда, Беларусь Республикасында, Ресейде оқуды және тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, жақында профессор Б.Баймахановтың жетекшілігімен бауыр трансплантациясын жасау  жоспарланып жатыр.

Ағымдағы жылдың  шілде айынан облыстық клиникалық ауруханасында  гепатопанкреатобилиарлы хирургия және ағзаларды трансплантациялау жаңа бөлімшесі ашылды. Оны жоғары санатты дәрігер Е. Тауасаров басқарды. Жаңа бөлімшеде алты трансплантолог-хирург бар. Гепатопанкреатобилиарлы хирургия-бұл екі-үш күнде бір рет гемодиализ процедурасынан өтуге мәжбүр болатын созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы науқастарды емдеу шарасы.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында МӘМС жүйесі енгізілгеннен  соң, оңды өзгерістер орын алды. Айта кетерлігі, биыл 5 науқасқа бүйрек трансплантациясының отасы жасалды. Бүгінде науқастар жаңа бүйрекпен өмір сүруді үйреніп жатыр.Алғашқы ота мамыр айында жасалып, сәтті шыққан еді. Осы уақыт ішінде бес науқастың бүйрегі алмастырылды. Алғашқы ота А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығының басшысы, профессор Б.Баймахановтың қатысуымен өтті. Трансплантацияланған науқастар жазылып, қалыпты өмірлерін жалғастыруда. Қазіргі таңда бақылауда жатқан екі науқас бар, олар жақын арада үйлеріне оралады. Мұндай операцияларды жүргізу үшін донор реципиенттің туысы, әрі медициналық айғақтарға сай болуға тиіс.

Бүйрек трансплантациясы операциясы алты сағатқа дейін созылады. Бүйрек трансплантациясы операциясы алты сағатқа дейін созылуы мүмкін. Ол кезең-кезеңімен өтеді. Оған басқа бөлімшелердің хирургтары мен реаниматологтары қатыса алады. Бірақ негізгі үйлестіруші рөлді трансплантация хирургтары атқарады.

Операциядан кейін донор бір аптадан кейін үйге жіберіледі. Ал реципиент ауруханада екі-үш апта бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Содан кейін жаңа органдары бар адамдар күн сайын иммунитетті басатын дәрілерді қабылдауы керек.

Бізге рекордтық сағат пен пациенттердің рекордтық саны қажет емес. Бізге адамның өмір сүру сапасы мен ұзақтығы қажет. Біз үшін бұл басымдық. Пациенттің басқа аймаққа барып, шығындалмауы үшін өңірлік үйлестірушінің жұмысын күшейтуді қолға алып жатырмыз.

 

Жанболат Ділдәбеков,

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

14 июня
13 июня
12 июня