Өңірдің бас құтқарушысы бірқатар журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Бүгін Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залындажурналистерге арналған іс-шара ұйымдастырылды. Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мадияр Мырзагелдиев өңірдің бірқатар журналистерін кәсіби мерекемен құттықтады.
2019 жылдан бастап елімізде журналистердің,бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсібимерекесі 28 маусымда атап өтіледі. БАҚқызметкерлерінің еңбегі қоғамдық пікірдіқалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.Сонымен бірге ТЖ алдын алу мен жоюда, профилактикалық іс-шараларды атқаруда БАҚ өкілдерінің атқаратын рөлі зор.
М. Мырзагелдиев: "Құрметті бұқаралық ақпаратқұралдарының өкілдері, сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсібиөсу, сәттілік және шығармашылықта шабыт тілейміз!»,-деп атап өтті.
Іс-шара кезінде азаматтық қорғау органдарының өзге өкілдері де БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Соңында журналистерге алғыс хаттар мен мерекелік гүл шоқтары табыс етілді.
Қызылорда облысы ТЖД